Ақпарат:

27 ақпан 2023 2433

Сәтбаев Университетінің өкілдері ШЫҰ елдері жас ғалымдарының II конклавына қатысты

Сәтбаев Университетінің өкілдері ШЫҰ елдері жас ғалымдарының II конклавына қатысты

Ақпан айының басында Үндістанның Джавахарлал Неру атындағы Жетілдірілген ғылыми зерттеулер орталығында (Бангалор) Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің жас ғалымдарының II конклавы (форум) өтті. Қазақстан делегациясымен бірге форумға Сәтбаев Университетінің оқытушылары Эльмира Орынбасарова мен Диляра Урманова қатысты.

Жиынға қатысушыларды Үндістанның Ғылым және технологиялар министрлігінің мемлекеттік министрі Джитендра Сингх, Үндістан үкіметі Сыртқы істер министрлігінің хатшысы Шри Дамму Рави, ШЫҰ бас хатшысы Чжан Мин, сондай-ақ ШЫҰ-на мүше мемлекеттер – Қазақстан, Қытай және Өзбекстан елдерінің үйлестірушілері қарсы алды.

Конклав аралас форматта өтті: кейбір делегаттар қашықтан қатысты, ал кейбіреулері конклав тақырыптары бойынша бейне презентациялар жасап, оны талқылауға қатысты.

Форум тақырыбы бес ғылыми бағытты қамтыды – ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды басқару, жасанды интеллект пен үлкен деректерді зерттеу және қолдану, тұрақты энергия және энергия үнемдеу, аурулар биологиясы және денсаулық сақтау.

Сәтбаев Университетінің ғалымдары қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды басқару тақырыбына арналған бағытқа қатысты. Олардың ұсынған жобаларының бірі – қашықтықтан зондтау және ГИС-технологиялары саласында экологиялық түрде кен байыту жұмыстарына геодинамикалық мониторинг жүргізу болды, бұның көмегімен ғалымдарымыз тау-кен кәсіпорны аумағында өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Сәтбаев Университетінің өкілдері ШЫҰ елдері жас ғалымдарының II конклавына қатысты

Жоба аясында Ө.А.Байқоңыров атындағы Тау-кен металлургия институтының мамандары тұрақсыздық аймақтарын айқындап, тәуекелді бағалау критерийлерін анықтады. Содан кейін қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып, олар жер бетінің деформациясын, өзендердің ағыны мен өсімдіктердің өзгеруін, тіпті жер астындағы пайдалы қазбалардың белгілерін анықтауға мүмкіндік алды.

Сәтбаев Университетінің ғалымдары ұсынған екінші жоба – Каспий маңы ойпатының оңтүстік бөлігін бассейндік модельдеуге арналды. Каспий маңының шөгінді бассейні Қазақстан экономикасында шешуші орын алады, сондықтан бұл аймақтың жер асты байлықтарын зерттеу жұмыстары тоқтаусыз жүргізіледі. Сәтбаев Университетінің командасы жиналған мәліметтердің геологиялық-геофизикалық деректер базасын жинап, жүйелеп, соның негізінде аймақтың геологиялық құрылымының цифрлық моделін жасады.

Форум аясында ғылыми жетістіктермен алмасу бірлескен халықаралық ынтымақтастық байланыс жасауға жаңа мүмкіндіктер ашты, сондай-ақ жас ғалымдар арасындағы өзара тығыз қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға және бірлескен жаңа ғылыми әзірлемелердің пайда болуына ықпал етті.

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) – халықаралық ұйым, оның мүшесі Ресей, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Иран, Пәкістан және Үндістан. ШЫҰ-ға мүше елдердің аумағы Еуразияның үштен екі бөлігін алып жатыр, ал олардың халқының жалпы саны жалпы планета халқының тең жартысын құрайды. Экономикалық ғылыми және мәдени ынтымақтастықты дамыту – осы ұйымның негізгі мақсаттарының бірі болып табылады.

Сәтбаев Университетінің өкілдері ШЫҰ елдері жас ғалымдарының II конклавына қатысты

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту