Сәтбаев Университетінің өкілдері студенттерді шетелде оқыту шарттарымен танысуда
Сәтбаев Университетінің ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Әлібек Шоқпаров бастаған делегациясы Мишкольц университетінің (Венгрия) Жер туралы ғылымдар және инженерия факультетінің зертханаларын аралады. Бұл зертханаларда қауымдастырылған профессор Имре Гомбкотоның жетекшілігімен ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Зертханалар заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған және студенттердің практикалық білімдерін оқу үдерісіне барынша біріктіруге мүмкіндік береді.
Жер туралы ғылымдар және инженерия факультеті зертханалық кешенінің құрамында «Ұнтақтау-классификация-агломерация», «Шикізат пен қалдықтарды қайта өңдеу (гравитациялық сепарация, флотация, магнитті-электрлік және оптикалық бөлу», «Наноөңдеу» және т.б. сияқты бөлімшелер бар. Сәтбаев Университеті де өзіндегі зертханалық кешенді студенттердің тәжірибелік базасы және университеттегі келісімшарттық зерттеулерді жүргізу базасы ретінде пайдаланады.