Ақпарат:

29 қараша 2023 4127

Сәтбаев Университетінің өкілі БҰҰ панельдік пікірталаста Тұрақты даму мақсаттарын талқылауға қатысты

Сәтбаев Университетінің өкілі БҰҰ панельдік пікірталаста Тұрақты даму мақсаттарын талқылауға қатысты

БҰҰ-ның Қазақстандағы Елдік тобы мен БҰҰ Жаһандық шартының ұйымдастыруымен Астана қаласында «Қазақстандық бизнес тұрақты даму үшін» атты тақырыпта панельдік пікірталас өтті. Бұл іс-шараға Сәтбаев Университеті атынан университеттің Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі жобалық кеңсенің жетекшісі Жанна Төлегенова қатысты. Ол баяндама жасап, университеттің академиялық, ғылыми және әкімшілік қызметіне тұрақты даму модельдерін енгізу барысындағы маңызды қадамдар туралы айтты.

Пікірталасқа сондай-ақ бизнес өкілдері де қатысты, бұл бизнес қауымдастығын тұрақты даму қағидаттарымен, оның бизнеске беретін мүмкіндіктерімен және оған қол жеткізу жолында Қазақстанның ілгері дамуымен таныстыруға мүмкіндік береді. Әртүрлі сала бойынша спикерлер өз тәжірибелерімен және бизнес-модельдеріне Тұрақты даму мақсаттарының принциптері мен тәсілдерін енгізудегі мысалдарымен бөлісті. Жеке меншік секторы – Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуде маңызды қатысушы болып табылатынын спикерлер ерекше атап өтті, өйткені ол экономикалық өсуге ынталандырады, жұмыспен қамту мүмкіндіктерін жасайды, сонымен қатар инновацияны дамытуға, әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешуге елеулі үлес қосады.

Сәтбаев Университеті БҰҰ Жаһандық шартына шілде айында қосылған болатын. Осы уақыт аралығында университеттің ТДМ жөніндегі Стратегиялық жобасы әзірленіп, Жобалық кеңсе құрылды, сондай-ақ университеттің саясаты мен жаһандық деңгейдегі тұрақтылығы бойынша бірегей моделі әзірленді. Университет қызметкерлері БҰҰ-ның Жаһандық келісім академиясында білім алуда. Олар зерттейтін SDG Ambitions өлшемдері мен әдістемелері университеттің барлық деңгейдегі қызметінде іске қосылуда. Тұрақты даму мақсаттары саласы бойынша жұмыс негізінде адамдардың қажеттіліктері мен құндылықтарына, олардың бойындағы талантына, этикасына, өзара сыйластығына, ашық диалогқа және шешімдерді бірлесіп іздеуге арнайы қатысу ісіне бағытталған.

Жанна Төлегенова өз сөзінде адмирал Уильман Макрейвиннің: «Егер сен әлемді өзгерткің келсе, алдымен өз төсегіңді жина» деген сөзінен үзінді келтіріп, үлкен істерді аяқтауда кішігірім қадамдардың рөлі мен маңызы зор екендігін, сондай-ақ тұтас әлем мен оның тұрақтылығын сақтау жөніндегі жаһандық құндылықтың тізбегін жасау жолында әркімнің жеке үлесі мен жауапкершілігі өте маңызды екенін де атап өтті.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту