20 қараша 2019 3652

Сәтбаев университетінің оқытушылары Эстонияға барып қайтты

Сәтбаев университетінің оқытушылары Эстонияға  барып қайтты

2019 жылдың қараша айында Кибернетика және Ақпараттық технологиялар институтының оқытушылары Абылай Қайырбеков пен Шолпан Байматаева тәжірибе алмасу бағдарламасы бойынша Эстонияға барып қайтты.

Оқытушылар Таллин технология университетінің Верум колледжіне барып, алгоритмдеу және деректерді сақтаудың өзекті тақырыптары бойынша қонақ дәрістерін өткізді. Шетелдік университеттермен ынтымақтастық қарым-қатынас аясында студенттермен және оқытушылар құрамымен және бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарымен жоспарлары белгіленді.

Абылай Қайырбеков сапардан алған әсерлері туралы былай деді:

«Таллин техникалық университетіне сапар өте жақсы өтті. Бұл Erasmus+ жобасы аясында оқытушылармен алмасу еді. Біз әріптесім Шолпан Байматаевамен IT пәндері бойынша студенттерге апталық дәріс оқыдық. Біз Верум колледжінің Талтэк (ҚазҰТЗУ жеке институт аналогы) Кохтла-Ярве қаласында болдық. Колледждің оқытушылар құрамымен және менеджментімен таныстық. Университет қызметкерлері бізді өте жылы қабылдады, біз оларға өте риза болдық. Бірінші күні бізге зертханалар мен студенттердің жобалары көрсетілді. Колледж директорының орынбасары зейнет демалысындағы депутат болып шықты, ол бізге аудандағы көптеген керемет жерлерді көрсетіп, олар туралы айтып берді. Эстонияның табиғаты өте әдемі, ормандары өте көп және бірден көзге түседі. Сонымен қатар біз университет пен Таллин қаласындағы басты кампустың зертханаларын араладық. Университет тек IT саласында ғана емес, басқа да әртүрлі компаниялармен белсенді жұмыс істейді. Колледж барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған. Көптеген зертханалар мен бірлескен шеберханаларға серіктестіктер демеушілік етеді, оған студенттермен қатар мектеп оқушылары да қатысады екен.

Верум колледж деп аталғанына қарамастан, мұнда студенттер бакалаврға тең жоғары білім алады. Бұл жерде студенттер Сәтбаев университетіне қарағанда әлдеқайда аз, Эстонияның халқы миллион адамнан сәл артық. Студенттердің көпшілігі қарапайым, көп сөйлемейді, олар сабақты мұқият тыңдап, менімен бірге барлық тапсырманы орындады».

Satbayev University & Virumaa College TalTex: обмен опытом по программе Erasmus+

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту