30 желтоқсан 2022 4588

Сәтбаев Университетінің оқытушылары үздіктер қатарында

Сәтбаев Университетінің оқытушылары үздіктер қатарында

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2022» байқауының жеңімпаздары белгілі болды. Конкурстық комиссия Қазақстанның 150 үздік оқытушысын таңдап алды. Олардың қатарында Сәтбаев Университетінің ең үздік сегіз оқытушысы бар:

  1. Қанай Бақытұлы Рысбеков
  2. Сана Қанатбекқызы Кабдрахманова
  3. Эльмира Орынбасарқызы Орынбасарова
  4. Татьяна Александровна Чепуштанова
  5. Еңлік Ерікқызы Бегинбаева
  6. Нұржігіт Құралбайұлы Смайлов
  7. Гүлзада Мышғышкызы Қойшина
  8. Айназ Қайратқызы Абильдина

Әйгілі Политех үшін бұл үлкен жетістік, өйткені осы конкурсқа қатысуға университет атынан он үш адам өтініш берген еді, солардың жартысынан астамы жоғары марапатқа ие болды, бұл университеттегі білім мен ғылыми жұмыстың жоғары сапасын дәлелдейді. Жеңімпаздар төсбелгілер мен қомақты қаржылық грантқа ие болады.

Байқау оқытушылардың беделін арттырып, кәсіби деңгейі бойынша әрі қарай өсуге ынталандыру мақсатында жыл сайын өткізіледі. Оған жыл сайын шамамен 1000 үміткер қатысады, олар оқу материалдарын әзірлеу және жариялау, ғылыми жарияланымдар, өнертабыстар және т.б. сияқты көрсеткіштер бойынша бағаланады. Сондай-ақ оқытушылық қызметіне де көп көңіл бөлінеді.

– Үміткердің білім беру қызметінің сапасы, бакалавриат, магистратура және докторантурада кадрлар даярлаудағы қызметі бағаланады», – деді Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Конкурс министрліктің ақпараттық жүйесі базасында өткізілді, соның арқасында қатысушылар іріктеудің барлық кезеңдерінің барысын бақылап, оның ашықтығына көз жеткізе алды.

Біз барлық жеңімпаздарды жеңісімен құттықтап, алдағы еңбектеріне табыс тілейміз!

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту