Ақпарат:

23 қараша 2022 3856

Сәтбаев Университетінің оқытушысы Алмас Төлеп Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» сыйлығымен марапатталды

Сәтбаев Университетінің оқытушысы Алмас Төлеп Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» сыйлығымен марапатталды

22 қараша күні Қазақстан Республикасының Үкіметі 2022 жылға арналған «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаттарын жариялады. Министрлер Кабинетінің қаулысымен Т.Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институтының оқытушысы Алмас Төлеп жемісті ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі үшін «Дизайн және бейнелеу өнері» номинациясы бойынша Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері атанды.

Алмас Төлеп – Сәтбаев Университетінің белсенді оқытушысы, келешегінен зор үміт күттіретін жас ғалым, ғылыми жұмыс пен шығармашылық қызметті тамаша үйлестіре білетін сәулетші. Ол – «Қазақстанның үздік магистранты-2019» сыйлығының лауреаты, Ұлттық маркшейдерлер мен дизайнерлер қауымдастығының (Ресей) әр жылдардағы ІІ дәрежелі екі дипломының иегері, «Бөбек» жалпыұлттық қозғалысының I дәрежелі дипломының лауреаты.

Алмас студенттерге сабақ береді және де университеттің оқу корпустарын реконструкциялау, абаттандыру, ғимараттардың жан-жағын гүлдендіру жобаларын әзірлейді, жүзеге асырылған жобаларының қатарында тау-кен металлургия корпусы мен кіші оқу корпусы бар. Қазір ол «Мобильді тұрғын үй» жобасын әзірлеуде. Сонымен қатар джиу-джитсудан Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер.

Сәтбаев Университеті Алмас Төлепті жоғары марапатымен құттықтап, алдағы еңбегіне табыс тілейді!

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту