31 желтоқсан 2019 5961

Сәтбаев Университетінің оқытушысы Төребаева Күләштің «Балалық шақтың сәттері» атты шығармашылық көрмесі

Сәтбаев Университетінің оқытушысы Төребаева Күләштің «Балалық шақтың сәттері» атты шығармашылық көрмесі
2019 жылы 19 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейінде Сәтбаев Университеті «Архитектура» кафедрасының оқытушысы, суретшілер Күләш пен Жанна Тюребаевалардың шығармашылық көрмесі ашылды.

Тюребаева Күләш Ізбастовна – атақты суретші-график, иллюстратор, Сәтбаев Университеті студенттерінің сурет және кескіндеме пәнінен сабақ беретін сүйікті оқытушысы.

Күләш Тюребаева Орск қаласында (Орынбор облысы, Ресей) дүниеге келген. Ол бала кезінен бастап Алматыда тұрады. Абай атындағы ҚазПИ көркемсурет-графика факультетін, Строганов атындағы МГХПУ графика факультетін бітірген. В. И. Антощенко-Оленев сияқты шеберлерден білім алды.

Көрмеге әртүрлі стильдер мен жанрларда орындалған жұмыстар қойылды. Этнографиялық сипатта жасалған «Әже айтып берді», «Үлкен әже», «Наурыз» атты суреттер сериясы оның шығармашылығында ерекше орын алады. Оның жұмыстары «Мерейтойлық палитра» каталогына (Алматы, 2019 ж.), ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған конкурстық шығармалардың каталогына, ҚР Суретшілер одағының каталогына енгізілген. Күләш шығармашылығының жанры әртүрлі: ол қабырғаларды суреттеу және витраждар жасау бойынша тапсырыстарды орындайды, ұлттық кәдесыйларды әзірлеумен және шығарумен айналысады, авторлық куәлігі бар. Күләш сондай-ақ скетчинг бойынша (маркерлер, акварель, пастель) шеберлік сағаттарын өткізеді.

Сонымен қатар көрмеде Күләш Төребаеваның қызы – Жаннаның шығармалары да таныстырылды. Шығармашылыққа деген әуестік оны балалық шақтан бастап баулап алған. Жанна Төребаеваның тамаша және нәзік көркем талғамы, әдемілікті көру қабілеті оған анасы Күләштан мұра ретінде берілген.

Шығармашылығындағы осындай маңызды оқиғаға байланысты Халықаралық сәулет академиясының қазақстандық бөлімшесі атынан Академия төрағасы және Сәтбаев Университетінің Т.К.Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институтының директоры Болат Құспанғалиев сәулет білімін дамытуға қосқан үлесі үшін Тюребаева Күләшқа Төлеу Бәсенов атындағы медальді салтанатты түрде табыс етті.


Көрме 2020 жылдың 8 қаңтарына дейін жалғасады.
Байланыс телефондары: ҚР ОММ: 264-46-50.
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту