27 желтоқсан 2017 8573

Сәтбаев университетінің оқытушысы жаңа кітабы үшін сыйлық алды

Сәтбаев университетінің оқытушысы жаңа кітабы үшін сыйлық алды

Сәтбаев университетінің ардагер оқытушылары ғылыми жұмыстарға белсенді түрде қатысады. Солардың бірі – университеттің ардагері, «Ақпараттық технологиялар» кафедрасының профессоры Дулат Шоқаев. Алдағы жылы Дулат Нұрмашұлы 75 жасқа толады. Ал Мәскеу қаласынан шыққан «Оңтайландырудың қолданбалы әдістері» атты оның оқулығы 2017 жылғы Мәскеу Халықаралық кітап көрмесінде Алтын медальға ие болды.

Профессор Шоқаев ҚазҰТЗУ-да 1971 жылдан бері қызмет етіп келеді. Содан бері ол есептеу техникасы, автоматтандыру жүйесі мен бағдарламалаудың дамуына сүбелі үлес қосып келеді. Профессор Шоқаев – 200 ғылыми еңбектің, 7 оқулықтың және 3 оқу құралының авторы. Компьютерлік модельдеу жөніндегі бұл оқулықтар республика көлемінде қазақ (1993) және орыс (2001) тілдерінде шыққан ең алғашқы оқулықтар болып табылады. 1996 жылы профессор Д. Н. Шоқаев ҚР ҰҒА физика-математика бөлімінің мүшесі болып сайланады, ал 2001 жылы Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі болып сайланады.

Талай жылғы жемісті еңбегі үшін Д.Н. Шоқаев 2003 жылы «Саңлақ автор» медалімен және «Білім беру ісінің құрметті еңбеккері», «Ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен марапатталса, 2005 жылы ҚР БҒМ-нің жетекші ғалымдарының қатарына қосылды, сондай-ақ 2006, 2007 және 2011 жылдары үш рет ҚР БҒМ-нің «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атты грантын жеңіп алды.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту