Сәтбаев Университетінің Ректоры Digital Almaty форумында сөз сөйледі
Алматыда өткен «Digital Almaty 2023» форумы өз жұмысын «Жоғары білім беруді цифрландыру: дамудың жаңа көкжиектері» атты панельдік сессиямен аяқтады. Осы сессияда әйгілі Политехтың ректоры Мейрам Бегентаев сөз сөйледі.
Панельдік сессия жоғары білім беру жүйесін дамытудағы инновациялық технологиялардың рөлін және жоғары білімге қолжетімділікті жеңілдететін цифрлық білім беру ортасын құру жолдарын талқылауға бағытталды. Сарапшылар өздерінің тезистерін ұсынып, цифрлық білім берудің төрт негізгі мәселесі бойынша пікір алмасты. Ал ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек сессияның модераторы болды.
Сессия барысында Мейрам Бегентаев университеттерді цифрлық трансформациялау және студенттер мен оқытушылардың пайдалануына ыңғайлы болатындай жүйе құру жөнінде әріптестерімен пікір алмасып, жиналғандардың сұрақтарына жауап берді.
Цифрландыруды енгізуге кешенді түрде дайындық жаңа оқыту жүйесін құруды көздейді, яғни әртүрлі цифрлық құралдар мен қызметтерді онлайн және офлайн режимінде жүйелі түрде қолданатын бірыңғай ғылыми-білім беру кеңістігін құру қажет. Сәтбаев Университетінде мұндай кеңістікті қалыптастыру бірнеше бағытта жүргізілетін болады: университеттің бизнес-процестерін қайта құрылымдау, жаппай ашық онлайн курстарды әзірлеу және салааралық «цифрлық кафедраны» құру бойынша белсенді түрде жұмыс жүргізу және IT-мамандарды практика жүзінде даярлау.
Жаңа заман талаптарына жауап беретін білім беру экожүйесін құру үшін, университет оқытудың жаңа тәсілдерін әзірлеумен ғана айналысып қоймайды, сонымен қатар процестердің ашықтығын және білім беру қызметтерін тұтынушылардың, бизнес пен өндірістің кері байланысын белсенді түрде пайдаланады. Бұл өз кезегінде нарықтық өзгерістерге жауап беріп қана қоймай, одан озып шығуға мүмкіндік береді.
Жаңа шынайылықтағы цифрлық серіктестік пен білім беру – биылғы Digital Almaty форумы жұмысының маңызды бағыттарының бірі болды. Білім беру жүйесін жаңғырту инновациялық технологияларды дамыту нәтижесінде туындайтын заманауи жаһандық міндеттерді шешуде ерекше рөл атқарады. Бизнес өкілдерінің, халықаралық сарапшылардың және IT-қауымдастық өкілдерінің қатысуымен Алматы қаласында өткен Digital Almaty форумы – ең ірі технологиялық іс-шара ретінде цифрлық технологиялардың дамуын жеделдетуге және білім мен ғылымның сапасын арттыруға көмектеседі.