Сәтбаев Университетінің ректоры Қазақстанның инновациялық дамуына арналған конференцияда сөз сөйледі
20 қаңтар күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Университеттің ғылымын дамыту – Қазақстанның инновациялық дамуының қажетті шарты» атты ғылыми-практикалық конференциясының ашылуы және бірінші жұмыс күні өтті. Конференцияның ашылу салтанатында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек құттықтап сөз сөйледі. Министр өз сөзінде ғылым мен инновацияны дамытудың және оны әртараптандырудың, сондай-ақ технологиялық экономиканы құрудың маңыздылығын атап өтті.
Конференция бағдарламасы отандық ғылымды дамыту, оның деңгейін нығайту және университеттердің ғылыми әлеуетін арттыру бойынша көптеген мәселелерді қамтыды. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру туралы баяндамаларға, сондай-ақ елдің инновациялық дамуының нығайтуға ықпал ететін университеттің экожүйесін дамытуға және жоғары оқу орындарын зерттеу университеттеріне ауыстыру мәселелеріне көп көңіл бөлінді.
Қазірдің өзінде елімізде бес жетекші шетелдік зерттеу университеттерінің филиалдары ашылды, мақсатты капитал қорлары туралы заңның тұжырымдамасы анықталып, жоғары білім беру орындарында эндаумент-қорлар ашуды ұйымдастыру бойынша жол картасы жасалды.
Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев конференцияның пленарлық отырысында сөз сөйлеп, техно-кәсіпкерлікке және кәсіпкерлік арқылы студенттерге білім беру тақырыбына қатысты баяндама жасады:
– Ғылым саласын дамыту үшін бізде аз ғана уақыт ішінде көптеген жұмыстар жасалды. Алайда біз әлі де көп мүмкіндіктерімізді пайдалана алмай отырмыз. Біз бар күшімізді қосып, бірігуіміз керек, әр аймақта «Стартап-конкурс» жобасын іске қосып, содан кейін республикалық деңгейге шығуымыз керек. Және мұның барлығын ашық, жариялы түрде орындауымыз керек», – деді ректор.
Сәтбаев Университеті аймақтық университеттерді ғылыми процеске республикалық деңгейде тартудың кеңейтілген бағдарламасын жүзеге асыруда. Мәселен, университет SmartTran бағдарламалық кешені мен осы технология негізінде жасалған сандық қосарлы бағдарламаларды ұсынады. Университет Павлодар және Ақсу қалаларына, сондай-ақ Қарағанды ғалымдарымен бірге Қарағанды қаласына арналған цифрлық технологиялардың қосарлы сыңарын әзірлемекші.
Университет ғылымы технологиялық кәсіпкерлік үшін жаңа идеялар мен саналы жас ғалымдардың қайнар көзіне айналуы үшін бізде «StartUp Бакалавриат» бағдарламасы ашылған. Ол – тәжірибеге бағытталған техно-кәсіпкерлік бағдарламасы, онда студенттер өз идеяларын сынап, жүзеге асырады және оқудың соңында бизнес құрады.
Line Leaders бағдарламасы қызметкерлердің құзыреттілігін дамыту үшін қолжетімді. Бағдарлама ғалымдарға жобаны басқару, басқарудағы деректерді талдау, бизнес-процестерді оңтайландыру және реинжиниринг, коммуникация дағдылары, сондай-ақ басқару шебері сияқты қажетті дағдыларды меңгеруге және дамытуға мүмкіндік береді.
Бұл қадамдардың барлығы ғылымды және болашақта материалдық әл-ауқатымызды дамытудың ашық үлгісінің негізін салуға бағытталған.
Конференцияның ашылу салтанаты аясында ғылыми-инновациялық жобалар көрмесі өтті. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, М. Әуезов атындағы ОҚМУ, Ғылым қоры, Ақпараттық және есептеу технологиялары институты, Жану мәселелері институты, Зоология институтының ғалымдары өз ғылыми жетістіктерін көпшілік назарына ұсынды. Көрмеге елімізде алғаш рет студенттік стартаптар қойылды.
Конференция жұмысы екі күнге жоспарланған; екінші жұмыс күніне Дөңгелек үстел жоспарланған. Бұл іс-шара еңбегі сіңген ғалымдар мен жас ғалымдардың ғылыми жобаларына арналады.