6 қаңтар 2020 5179

Сәтбаев университетінің ректоры Рождество мерекесімен құттықтайды!

Сәтбаев университетінің ректоры Рождество мерекесімен құттықтайды!

Сәтбаев Университетінің Ректоры Искандер БейсембетовҚадірлі әріптестер! Құрметті студенттер, магистранттар мен докторанттар!

Барлық христиан халықтарын ең ірі діни мереке – Рождество күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл жарқын мереке әлемде миллиондаған отбасына тамаша қызық пен қуаныш алып келеді. Біздің елімізде бұл күн демалыс күні ретінде атап өтіліп, сол арқылы басқа ұлттар мен діндерге құрмет көрсетіліп, қуаныш пен шаттықтың символына айналып отыр. 

Университетіміздің көркеюіне әрқайсыңыздың қосқан зор үлестеріңізді ерекше атап өтіп, сол үшін Сіздерге шексіз алғыс білдіргім келеді! Бүгінгі заманның талаптарына сай еңбек етіп, әлі де талай-талай жетістіктерге қол жеткіземіз деп сенемін.

Әрбір отбасына аманшылық, береке-бірлік пен бақыт тілеймін!
 

Ізгі тілекпен,
Сәтбаев Университетінің Ректоры
Искандер Бейсембетов

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту