Сәтбаев университетінің ректоры ұлы Абайдың туған күнімен құттықтайды
Құрметті әріптестер! Қымбатты докторанттар, магистранттар, студенттер!
Сіздерді жаңа мемлекеттік мереке – Абай күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Биыл ұлы Абайдың туғанына 175 жыл толып отыр.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Абай – қазақтың әлемдік деңгейдегі кемеңгер данышпаны». Абай мұрасы – қазақ халқының ғасырлар бойы жинақтаған бүкіл даналығын бойына сіңірген рухани байлық. Оның еңбектері уақыт өте келе өзінің өзектілігін жоғалтпай, күні бүгінге дейін ұлтымыздың және бүкіл елдің әлеуметтік, мәдени, рухани өмірінің бағыттарын анықтап келеді.
Ұлы ойшыл, кемеңгер философ, қоғам қайраткерінің өлмес туындылары көптеген адамға шабыт беріп, адал өмір сүруді, бақыт үшін күресе білуді, ешқандай қиыншылықтарға қарамастан алға ұмтылуды, жан-жақты дамып, жетілуді үйретеді. Ең бастысы – кез-келген жағдайда рухани байлықты сақтай білетін адам болып қала беруді үйретеді.
Баршаңызға аманшылық тілеймін! Өмірге деген қызығушылықты ешқашан жоғалтпай, ұлы Абай Құнанбаев жиі қайталаған басты құндылықтарды әрқашан есте сақтаңыздар!
Игі құрметпен,
Сәтбаев университетінің Ректоры
Искандер Бейсембетов