28 маусым 2018 9760

Сәтбаев Университетінің Сәулет институты – жеңімпаздар мекені

Сәтбаев Университетінің Сәулет институты – жеңімпаздар мекені

Т.К. Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институтының студенті Еламан Амантаев BI Group Architect Awards байқауының жеңімпазы атанды. Оның «Спорттық орталық» жобасы байқаудың «Спорт» санаты бойынша күміс жүлдеге ие болып, жас сәулетшіге 10 мың АҚШ доллары сыйлыққа табыс етілді және ол «BI Group» құрылыс холдингінен тапсырыс жоба алды.

BI Group Architect Awards Халықаралық сәулеттік байқауын қазақстандық «BI Group» құрылыс холдингі 2018 жылдың мамыр мен маусым айлары аралығында өткізді. Ол жас сәулетші мамандар мен студент-сәулетшілер үшін құрылған және инновациялық технологиялар мен сәулеттік шешімдерді тартуға көмектеседі. Байқауды ұйымдастырушылар мектеп, аурухана, театр, мұражай және тағы басқа мәдени мақсаттағы объектілер құрылысын іске асыруға ұмтылатын жас сәулетшілерге қолдау көрсетеді. Байқау талаптарының бірі – жобаларда инновациялық материалдар мен технологияларды пайдалану.

Аталмыш байқауға 300 адам қатысты, Ресей, Украина, Литва және Қазақстаннан қатысқан 20 жас сәулетшілер финалға өтті.  «Мәдениет» санаты бойынша «Сәулет» кафедрасының 2017 жылғы түлегі Ирина Гаврильченко үшінші орын алды, ол Неміс театрының жобасын жасады.

Сәтбаев Университетінің Сәулет институты – жеңімпаздар мекені

Бұл Сәтбаев Университеті студенттерінің Халықаралық сәулетшілер байқауынан алып шыққан алғашқы жеңісі емес. Биылғы жылы 4-курс студенттері Алина Вейс және Мещанова Нурия Saint-Gobain ISOVER Халықаралық байқауынан 1-орынды жеңіп алып, байқаудың халықаралық кезеңінде Қазақстан атынан шығу құқығына ие болған еді.

Жеңімпаздарды құттықтай отырып, келешекте зор табыс тілейміз!

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту