Сәтбаев университетінің студенті «АрхиГрафика» беделді халықаралық архитектуралық сурет байқауының финалисті атанды
2020 жылдың наурыз айынан бастап Мәскеу қаласында «АрхиГрафика 7» халықаралық архитектуралық сурет байқауы өтуде. Қазан айында қорытынды кезең өтті. Бұл байқау, сәулет өнерін серік еткен әр түрлі елдердің жүздеген авторларын сompetitions.archplatforma.ru деп аталатын өзінің интернет-платформасында біріктіре отырып, сәулет өнерін өнер түрі ретінде қолдауға және дамытуға бағытталған.
Байқауға Сәтбаев университетінің «Сәулет» кафедрасының 3-курс студенті Әбсаттар Айман сурет пәнінің оқытушысы Куляш Избастовна Тюребаеваның жетекшілігімен және ұсынысымен қатысты.
Айманның «Сеулдегі көше» атты жұмысы «Өмірден сурет салу» бағытында қаралды. Үш іріктеу турынан сәтті өтіп, көрменің финалына өтті. Байқау қорытындысы бойынша жұмыс «Лонг-лист», «Шорт-лист», «Қазылар алқасының дауысы» дипломдарын алды. Гостиный дворда (Керуен сарайы) өткен «Арх Москва» көрмесінің финалына қатысты және оның жұмысы осы жылдың ең үздік жұмыстарының бірі болып таңдалды!
Осындай жоғары деңгейдегі кәсіби суретшілермен қатар, графикалық өнер саласындағы осындай беделді халықаралық байқауға қатысу – біздің дарынды студенттеріміз үшін үлкен жетістік және Сәтбаев университетінің «Сәулет» кафедрасы үшін маңызды оқиға.
Әбсаттар Айманды үлкен қуанышпен құттықтаймыз және жаңа жетістіктер тілейміз!