Ақпарат:

1 сәуір 2019 5167

Сәтбаев университетінің студенті ЮНЕСКО-ның аймақтық семинарына қатысты

Сәтбаев университетінің студенті ЮНЕСКО-ның аймақтық семинарына қатысты

2019 жылы 13–14 наурызда Алматы қаласынның Төтенше жағдайлар және стихиялық апаттар қаупін төмендету орталығында Орталық Азиядағы апаттар қаупін төмендету (АҚТ) ғылымы саласында жастар мен жас мамандарды жұмылдыру бойынша ЮНЕСКО аймақтық семинары өтті.

Семинарға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан апаттар қаупін азайту саласындағы 50-ден астам мамандар мен студенттер қатысты.

Қатысушылар жастардың АҚТ-ға үлес қосу мүмкіндігін талқылады, сондай-ақ институттардың зерттеулерін қарастырды, халықаралық ұйымдардың есептерімен танысты. Сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің апаттардың алдын алу және жою жөніндегі жұмысына арналған презентацияларымен таныс болды.

Сосын олар Талғар бөгетіне барып, онда Қазселденқорғау мен География институтының селдер әсерін азайту бойынша жүргізген іс-әрекеттерімен танысты. Нәтижесінде жастарды аймақтағы ДРК-ға тартуға қатысты ұсыныстар жасалды.

 Сәтбаев университетінің «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығының 4-курс студенті Мұнарова Зумрат (ғылыми жетекшісі Қасымбеков Ж.К., Т.Бәсенов атындағы Сәулет, құрылыс және энергетика институтының «Инженерлік жүйелер және желілер» кафедрасының профессоры) стихиялық апаттар қаупін төмендету бойынша зерттеулерді одан әрі кеңейту, Орталық Азиядағы ДРК бойынша жас мамандар желісін құру, сондай-ақ ғылыми-коммуникациялық байланыстарды жетілдіру және БАҚ-ты  қамту жөнінде ұсыныс айтты.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту