Ақпарат:

17 қазан 2025 130

Сәтбаев университетінің студенттері АҚШ-тағы серіктес университетте қос дипломды бағдарлама аясында оқуды бастады

Сәтбаев университетінің студенттері АҚШ-тағы серіктес университетте қос дипломды бағдарлама аясында оқуды бастады

2024 жылы Сәтбаев университеті Penn State – Пенсильвания мемлекеттік университетімен (QS рейтингінде 82-орын) бірлесіп, қос дипломды білім беру бағдарламасын іске қосқан еді. Бағдарлама 3+1+1 форматында мұнай инженериясы, киберқауіпсіздік, геология, материалтану және заңтану мамандықтары бойынша жүргізіледі.

Бұл бағдарламалардың бірегейлігі – Сәтбаев университеті әлемдегі үздік университеттердің бірімен бірлесе отырып, техникалық бағыттағы кіші салалар бойынша Қазақстанда да және халықаралық еңбек нарығында да жоғары сұранысқа ие мамандандырылған заңгерлерді дайындауы. Бұл жоба қазақстандық үздік техникалық университет әлемдік ғылыми орталықпен бірлесіп, сұранысқа ие болып отырған инженер мамандардың біліктілігін жетілдіруді, оларды күрделі халықаралық инженерлік-инфрақұрылымдық жобаларда бәсекеге қабілетті маман деңгейіне жеткізуді гранттық негізде жүзеге асырып отырған бірегей прецедентке айналды.

Өткен оқу жылында осы бағдарлама бойынша екі студент – Жұмабай Шапағат пен Амангелді Арыстан білім алып, оқуларын аяқтады.

Ал 2025–2026 оқу жылында Сәтбаев университетінің тағы үш студенті – Орсариева Нұржамал (геология), Нұрдәулет Сейсенбеков (мұнай инженериясы) және Утебеков Алдияр (киберқауіпсіздік) Penn State университетінде оқуларын бастады.

Сондай-ақ ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «500 ғалым» бағдарламасы аясында Сәтбаев университетінің 11 профессоры Penn State университетінде бір жылдық ғылыми тағылымдамадан өтуді бастады, бұл бағдарламаны «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ үйлестіреді. Сәтбаев университетінің Халықаралық ынтымақтастық және стратегиялық даму жөніндегі бірінші проректоры Самғат Ермекбаев жұмыс сапары аясында Стейт Колледж студенттерімен және профессорларымен кездесіп, олар үшін арнайы ақпараттық бағдар беру сессиясын өткізді.

Сонымен қатар С. Ермекбаев Penn State университетінің жаңа проректоры (провост) Фотис Сотиропулос мырзаны осы қызметке тағайындалуымен Сәтбаев университетінің ректоры М. Бегентаевтың атынан құттықтап, Сәтбаев университеті базасында Penn State университетінің филиалын ашу мәселелерін талқылады.

Сапар соңында материалтану мамандығы бойынша студенттерді жіберу мәселесі туралы Минералды ғылымдар мектебінің деканы Ли Кэмппен, киберқауіпсіздік факультеті басшыларының қатысуымен Ақпараттық ғылымдар және технологиялар мектебінің деканы Андреа Тапиамен және Қонақжайлылық мектебінің деканы Донна Куадро-Фелиттимен жұмыс кездесулерін өткізді.

Сәтбаев университетінің студенттері АҚШ-тағы серіктес университетте қос дипломды бағдарлама аясында оқуды бастады

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту