Сәтбаев Университетінің студенттері болашақ референдумды талқылауда
«2022 жылы 5 маусымда өтетін республикалық референдум туралы не білесіз? Еліміздің Негізгі заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясына қандай өзгерістер енгізілуде? Оған қалайша дұрыс дауыс беруге болады? – осы және басқа да маңызды сұрақтарға Сәтбаев Университетінің Жастар және спорт істері жөніндегі департаменті директорының міндетін атқарушы Әділхан Төлепберген мен №253 сайлау комиссиясының төрағасы Берік Тоқабаев жауап берді.
Алдағы референдум туралы түсініктемелер беру – бір себептермен Алматыда қалуға шешім қабылдаған студенттер үшін өте маңызды өзекті ақпарат болып табылады, өйткені біздің университет студенттері белсенді түрде азаматтық ұстанымдарын көрсетуде.
– Сайлау учаскесінде болған бір оқиға есіме түсіп отыр: бір қыз, ұмытпасам 18 жаста, таңғы сағат 6:30-да дауыс беруге келді. Жастарымыздың дауыс беру процесіне жауапкершілікпен қарағанына мен таң қалдым. Сонда сайлау комиссиясының төрағасы оған ҚазҰТЗУ-дың 80 жылдығына арналып шығарылған мерейтойлық кітапты салтанатты түрде табыс етіп, ол студенттің азаматтық ұстанымын жігерлендіре түсті, – дейді №253 сайлау комиссиясының төрағасы Берік Тоқабаев. – Ал біздің барлық студенттер еліміздің болашағына өз үлестерін қосқысы келеді, бұған Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдум ықпал етіп отыр. Мақсатты, білімді жастар үшін бұл – жаңа Қазақстанды құру мүмкіндігі жөніндегі идеяларды жүзеге асыру.
Әйгілі Политехта конституциялық реформаны талқылауға арналған «Саясы жаңғыру – Жаңа Қазақстанға апарар жол» тақырыбында өткен эдвайзерлік сағаттар бір апта бойына жалғасты. Студенттермен кездесуге келген қонақтар көп болды, олар жастарға алдағы референдумның қыр-сырын толық ашып берді. Атап айтқанда, эдвайзерлік сағатқа Базалық білім беру институтының оқытушылары: тарих ғылымдарының кандидаты Салқынбек Досалы, тарих ғылымдарының кандидаты Айна Нұржанова, PhD докторы Мейрам Сарыбаев және саясаттану ғылымдарының магистрі Сәниям Манапова қатысты. Студенттер бұл тақырыпқа үлкен қызығушылық танытып, көптеген сұрақтарын қойды.