Ақпарат:

5 ақпан 2025 1816

Сәтбаев университетінің студенттері болашақтың көлігін Таяу Шығыста өтетін Shell Eco-marathon жарысына жіберуде

Сәтбаев университетінің студенттері болашақтың көлігін Таяу Шығыста өтетін Shell Eco-marathon жарысына жіберуде

Сәтбаев университетінің энергия үнемдегіш автомобиль жасайтын студенттік Racing Team командасы Таяу Шығыстағы Катар елінде өтетін Shell Eco-marathon бірінші жарысына қатысу үшін аттанады. Құрамы жаңартылған команда өткен жылғы нәтижелерді жақсартып, Азиядағы үздік бес команданың қатарына кіруге үмітті.

Бұған қол жеткізу үшін команда бұрын мүмкін емес болып көрінген істі жасады – олар жаңартылған TOQ prototype 4.0 болидына негіз болатын электр қозғалтқыш жасады, бұл қозғалтқыш инновациялар мен өнімділіктің тамаша үйлесімі болып табылады. Соның арқасында команда 1 киловатт қуатпен 500–600 шақырым жол жүруді жоспарлап отыр. Жобаның бас демеушісі - Shell Kazakhstan, ал жоба жетекшісі, команда капитаны және негізін қалаушы Әлібек Ибраим болды:

– Біз әзірленген көліктердің әлемді таза және тиімдірек етуге көмектесетін нақты өмірде қолданылуын қамтамасыз етуге тырысамыз», – деді ол. – Біздің команда толығымен студенттерден тұрады, мен команданың тәлімгері және кураторы ретінде қатысамын. Бұл тапсырманы олар ойдағыдай орындап шығатынына мен кәміл сенемін! Осы жолда бізге қолдау көрсеткен барша жанға мың алғыс!

Сәтбаев университетінің студенттері болашақтың көлігін Таяу Шығыста өтетін Shell Eco-marathon жарысына жіберуде

Сәтбаев университетінің академиялық істер жөніндегі проректоры Раиса Өскенбаева оған қолдау көрсетіп, Racing Team командасын жетістігімен құттықтады және оларға жарыста сәттілік тіледі.

«Tesla Қазақстан» компаниясының қолдауымен жаңартылатын жарыс автомобильдерін әзірлеу жобасы тұрақты болашақ пен энергия үнемдегіш технологияларды дамытуға бағытталған маңызды қадам болмақ. Команда өз конструкцияларын жасау үшін қайта өңделген пластмасса мен 3D принтерді пайдаланды, бұл пластик қалдықтарын азайтуға және баламалы энергия көздерімен жұмыс істеуге жаңа мүмкіндіктер ашады. Батареяны жасау дәстүрлі емес тәсілді, материалдарды терең талдауды және көптеген сынақтан өтуді талап етті. Команда өздері жсаған қозғалтқышты іске қосқанға дейін талай сынақтан өткізбекші, оны әлі де болса жетілдіре түсіп, жақсы нәтижелерге жетуге үміттеніп отыр.

Кезекті Shell Eco-marathon Asia-Pacific and the Middle East 2025 марафоны алғаш рет Таяу Шығыста – Дохадағы (Катар) Лусаил халықаралық автодромында өтеді. Бұл жаһандық академиялық бағдарлама бүкіл әлемдегі студенттік командаларды қатысуға шақырып, оларға энергия үнемдегіш, әрі минималды отын шығынымен максималды қашықтықты жүре алатын көліктерді жобалау мен жасауды ұсынады. Бағдарламаның мақсаты – технологиялық мүмкіндіктердің шекарасын барынша кеңейту және жастарды болашақтың энергетикалық шешімдері саласында жетекші ғалымдар мен инженерлер атануға шабыттандыруға бағытталған.

Сәтбаев университетінің Racing Team командасы өздерінің TOQ болиді осы аса маңызды жарыста тамаша нәтиже көрсетіп, автомобиль өнеркәсібіне тұрақты технологияларды енгізу жолындағы маңызды қадам болады деп үміттенеді. Ал біз оларға сәттілік тілейміз!

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту