21 сәуір 2020 3794

Сәтбаев университетінің студенттері IPR BOOKS онлайн-кітапханасын қолдануға мүмкіндік алды

Сәтбаев университетінің студенттері IPR BOOKS онлайн-кітапханасын қолдануға мүмкіндік алды

Сәтбаев университетінің Ғылыми кітапханасы сіздерге Polytech Online қашықтықтан оқыту порталының IPRbooks электронды кітапханасымен біріккені туралы  хабарлайды.

Осы жаңалықтың арқасында оқытушылар мен студенттер университеттің жазылым жинағына енген басылымдарды қосымша  авторизациясыз-ақ іздеп тауып, оқи алады.  Бұл жүйелердің бірігуі мұғалімдерге оқулықтар мен ғылыми әдебиеттерді өз курстарына тез қосуға, ал студенттерге онлайн режимінде ұсынылған басылымдармен жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

Сәтбаев университетінің Ғылыми кітапханасы пандемия кезінде пайдаланушыларға ақпараттық қолдауды күшейтуге мүмкіндік беретін жаңа технологиялық шешім ұсынғаны үшін IPR MEDIA компаниясының Бас директоры Наталья Ивановаға алғысын білдіреді. Сонымен қатар Қашықтықтан білім беру институтының директоры Андрей Симоновқа және университеттің қашықтық технологияларын енгізу бөлімінің бастығы Эльдар Сайфуллинге аталмыш жүйені тез орнатқаны үшін алғысымызды білдіреміз.

 

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту