Сәтбаев университетінің студенттері Қазақстанның XIII жазғы универсиадасында 7 медаль ұтып алды

Сәтбаев университетінің студенттері Қазақстанның XIII жазғы универсиадасында жоғары дайындық деңгейі мен спорттық рухты көрсете отырып, 7 медаль жеңіп алды, сөйтіп университет намысын лайықты түрде қорғап шықты.
Әсіресе Энергетика және машина жасау институтының студенттері жүзуден өткен жарыстарда ерекше нәтиже көрсетті. Екінші курс студенті Дарья Миросанова бірден үш алтынды жеңіп алып, жеңіс тұғырының ең биік сатысына үш рет көтерілді. Ал бірінші курс студенті Ярослав Стуков команда қоржынына 1 алтын мен 1 қола қосты. Сөйтіп жарыс қорытындысы бойынша Сәтбаев университетінің командасы жүзуден жалпы командалық есепте жүлделі екінші орынды иеленді.
Студенттер басқа спорт түрлерінен де тамаша нәтиже көрсетті. Грек-рим күресінен Аян Аманжол күміс медаль алса, Нұржан Марғұлан ұлттық қазақша күрестен қола жүлдегер атанды. Сонымен, жалпы команда қоржынында 4 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль бар.
Студент-спортшылар мен жаттықтырушыларды лайықты марапаттарымен құттықтаймыз және спорт ареналарында жаңа жетістіктер тілейміз!
Университет спортшылары мен жаттықтырушыларын осы тамаша жүлделерімен құттықтаймыз! Сіздерге алда талай жеңістер мен жетістіктер тілейміз!