19 наурыз 2021 5758

Сәтбаев Университетінің студенттері мен ғылыми қызметкерлері талшықты-оптикалық жабдық жүйесіне қол жеткізді

Сәтбаев Университетінің студенттері мен ғылыми қызметкерлері талшықты-оптикалық жабдық жүйесіне қол жеткізді

2021 жылғы 20 наурыз күні Сәтбаев Университетінде зертханалық базаны дамыту мақсатында Санкт-Петербург қаласының проф. Бонч-Бруевич атындағы Оқу-әдістемелік орталығынан сатып алынған «Талшықты-оптикалық телекоммуникациялық жүйелер» және «Көпарналы талшықты-оптикалық телекоммуникациялық жүйелер» бойынша зертханалық сыныптар ашылды.

Жаңа оқу зертханалық жабдықтары Ә.Бүркітбаев атындағы Өнеркәсіптік автоматтандыру және цифрландыру институтының «Электроника, телекоммуникация және ғарыштық технологиялар» кафедрасында «Electronics and Electrical Engineering» және «Телекоммуникация» бойынша жаңа білім беру бағдарламаларына оқуға түскен студенттерге арналған.

«Біздің ынтымақтастығымыз университеттің бәсекеге қабілеттілігін, студенттеріміздің жұмыспен қамтылуын және олардың нарықтағы сұранысын арттыратын болады, бірегей терең білім береді және жаңа мүмкіндіктерге жол ашады деп сенеміз», – деді Сәтбаев Университетінің өкілдері.

Проф. М.А. Бонч-Бруевич атындағы Санкт-Петербург телекоммуникация университеті жанындағы Оқу-әдістемелік орталықтан сатып алынған «Талшықты-оптикалық байланыс» кешені заманауи зертханалық оқу кешені болып табылады және мынадай мүмкіндіктер ұсынады:

  • Asterisk телефония серверінің негізінде талшықты-оптикалық желілерді орнату және IP ATC абоненттері арасындағы байланысты ұйымдастыру бойынша практикалық дағдыларға үйретеді;
  • «Физика және оптикалық байланыс техникасы» пәні бойынша пәндерге инновацияларды енгізу;
  • ақпарат таратудың талшықты-оптикалық жүйесін зерттеу;
  • магистранттар мен докторанттардың ғылыми жобаларына арналған зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Ашылу салтанаты аясында проф. М.А.Бонч-Бруевич атындағы СПб МТУ-нің инженерлері жаңа мүмкіндіктермен таныстырды және күндізгі оқыту технологиясында осы зертханалық жабдықты пайдалану жөнінде сертификаттар тапсырды.

Санкт-Петербург қаласының проф. М.А.Бонч-Бруевич атындағы Мемлекеттік телекоммуникация университеті – жүз жылдық тарихы бар базалық индустриалдық университет, Ресей Федерациясының байланыс және телекоммуникация индустриясы үшін мамандар даярлау саласында жоғары білім беру үздігі.  Проф. М.А. Бонч-Бруевич атындағы Санкт-Петербург телекоммуникация университеті жанындағы Оқу-әдістемелік орталық – ресейлік оқу-зертханалық жабдықтарын әзірлеуші жетекшілердің бірі.

Студенты и научные работники Satbayev University получили доступ к оборудованию по оптоволоконным системам

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту