Ақпарат:

12 маусым 2018 13294

Сәтбаев университетінің студенттері Отан алдында ант қабылдады

Сәтбаев университетінің студенттері Отан алдында ант қабылдады

Сәтбаев университетінің Әскери институтын тәмамдаған 3-курс студенттері үстіміздегі жылы 9 маусым күні Отан алдында ант қабылдап, Тәуелсіз Қазақстанға қалтқысыз қызмет ететіндері жөнінде уәде берді. Антты Әскери институттың жаңа басшысы генерал Болат Дарбеков қабылдап алды. 

Аталмыш салтанатты шараға Ректор аппаратының жетекшісі Берік Мықтыбаев, Әскери институттың оқытушылары мен ардагерлері, студенттердің ата-аналары қатысты.

«Бүгінгі таңда біздің институтты 516 адам аяқтап, әскери ант қабылдап отыр, – деді генерал Дарбеков өз сөзінде. – Бұл 3-курстың студенттері, олар алдағы он күнде әскери істер курсын толық аяқтап, әрі қарай оқуларын жалғастырады. Келесі жылы диплом алғанда, қорғаныс министрінің бұйрығымен оларға «запастағы лейтенант» әскери шені бірге беріліп, олар запастағы офицерлер қатарына тіркеледі. Әскери кафедрада біз әуе шабуылына қарсы қорғаныс офицерлерін даярлап, студенттерге өз мамандықтарына ұқсас мамандық бойынша білім береміз. Алайда біз олардан әскери адамдар даярлаудан аулақпыз. Бар мақсатымыз – оларды Отанымыздың патриоты, тамаша маман иесі етіп шығару. Сондықтан болашақ адал да сенімді отан қорғаушылар даярлау үшін институт ұжымы бар күш-жігерін салуда».

Студенты Satbayev University приняли военную присягу Республике Казахстан Студенты Satbayev University приняли военную присягу Республике Казахстан

Студенты Satbayev University приняли военную присягу Республике Казахстан

Генерал-лейтенант Болат Керімжанович Дарбеков – Сәтбаев университеті Әскери институтының жаңа басшысы. Ол әскери-десант бөлімінде 34 жыл бойы қызмет етіп, взвод командирінен бастап, танк дивизиясы командирінің орынбасарына дейін көтерілді. Парашютпен 120 рет секірген.

«Төрт жыл бойы қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, бас штабтың бастығы болып қызмет атқарғандықтан, маған осы әскери кафедраға жетекшілік ету, оқу үрдісіне қандай да бір жаңалықтар енгізу және ұжымдағы моральдық-адамгершілік жағдайды жақсарту жұмысы тапсырылды. Мұның бәрін жүзеге асыра отырып, біз әскери кафедраның көптеген белгілі ардагерлері мен оқытушылар қауымы талай жылдар бойы енгізіп, сақталып келе жатқан дәстүрлерін одан әрі қарай жалғастырамыз. Осы уақытқа дейін кафедра мыңдаған офицерлерді даярлады, олардың арасында 70 курсант Кеңес Одағы кезінде генерал шеніне дейін өсті, ал 20 адам Тәуелсіз Қазақстанда генерал атанды. Сондықтан да біз әрқашан өз түлектерімізді мақтан тұтамыз», – деді генерал Дарбеков.

Салтанатты жиын аясында генерал Болат Дарбеков № 73652 әскери бөлімшесі қолбасшылығының шешімімен «Жұмысшы-Шаруалардың Қызыл Армиясына 100 жыл» медалімен марапатталды.

Жиын соңы салтанатты митинг пен түлектердің саптық дайындық байқауларына ұласты. Митингте кафедраның ардагерлері, белсенді де үздік курсанттар сөз алып, түлектерді құттықтады. Одан кейін құттықтау сөз кезегін оқытушылар мен ата-аналар алып, дәстүрлі түрде естелікке суретке түсті.

Студенты Satbayev University приняли военную присягу Республике Казахстан Студенты Satbayev University приняли военную присягу Республике Казахстан

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту