Ақпарат:

7 наурыз 2023 2375

Сәтбаев Университетінің студенттері Princeton, New Jersey қаласында білім алуда

Сәтбаев Университетінің студенттері Princeton, New Jersey қаласында білім алуда

2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының студенттері үйлерінен шықпай-ақ, халықаралық білім мен кәсіби сертификатқа ие болуға мүмкіндік алып отыр. Мұның барлығы Сәтбаев Университетінде IT мамандықтары бойынша оқитын студенттер үшін енгізілген «Coursera for Campus» платформасының арқасында мүмкін болды.

– «Coursera» платформасында әлемдік жетекші оқу орындарының курстары таңдап алынды. Атап айтқанда, Stanford University, MIT, University of Michigan, Princeton University, University of Colorado, University of Minnesota және т.б.», – дейді АжАТИ-ның директоры Раиса Өскенбаева. – Сонымен қатар платформада академиялық қауымдастықтың курстарынан басқа кейінгі кәсіби сертификаттаудан өту үшін, IBM, Microsoft, Amazon, Cisco және т.б. курстарды оқуға болады.

Студенттер сайтта ұсынылған 5000 курстың кез келгенін таңдай алады және оны өз қарқынымен оқи алады: өз қалауы бойынша жылдамырақ немесе баяуырақ. Студенттер маркетинг, бизнес, тайм-менеджмент курстарын оқиды. Ал үздік студенттер «Coursera» бойынша алты ай оқу барысында 15-ке дейін қосымша сертификат алып үлгерді.

Десе де, IT мамандары үшін ең маңыздысы – кәсіби сертификат алу мүмкіндігі, бұл сертификат оған ие болған жандардың кәсіби мансабы қаншалықты табысты болатынын анықтайды.

– «Coursera» кәсіби сертификатты арзан бағаға және тезірек алуға мүмкіндік береді, – дейді АжАТИ директорының орынбасары Айжан Қасымова, – Мысалы, біздің магистранттар IMB кәсіби сертификатын алды, бұл оларға оқу бітіргеннен кейін бірден IMB бағдарламаларымен және жабдықтарымен жұмыс істеуге құқық беретін қымбат сертификат. Оның үстіне оқу ағылшын тілінде өтеді, бұлөз кезегінде біздің студенттерді бәсекеге қабілетті етеді.

Платформада студенттерден бөлек оқытушылар да білім алуда – Сәтбаев Университеті 40 оқытушыға біліктілігін арттыру үшін мүмкіндік берді. Алты ай ішінде студенттер, магистранттар, докторанттар мен оқытушылар барлығы 1189 сертификат алды.

Ең танымал пәндер қатарында компьютерлік архитектура (Computer Architecture) және математика болды. Студенттер сонымен қатар бизнес, компьютерлік ғылымдар (Computer Science) және деректер ғылымы (Data Science) сияқты пәндерді оқып, консультациялар арқылы практикалық жобаларға шектеусіз қол жеткізу мүмкіндігін алды, осылайша өз білімдерін жетілдіріп келеді.

«Coursera» сияқты қашықтықтан білім беретін халықаралық білім беру платформаларының артықшылықтарын бағалау мүмкін емес. «Coursera»-мен ынтымақтастық қарым-қатынас жасау әлемнің жетекші университеттеріндегі белгілі жетекші профессорлардан білім алу арқылы студенттерімізді дайындау деңгейін арттырып қана қоймайды, сонымен қатар оқытушыларымыз осы платформаға өз курстарын орналастырғаннан кейін, оларға әлемдік деңгейде өзін танытуға мүмкіндік береді. Мұның барлығы біздің елдің мүмкіндіктері мен бәсекеге қабілеттілігін одан әрі ұлғайтып, оны халықаралық білім кеңістігіне шығарады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту