Ақпарат:

30 қаңтар 2025 1957

Сәтбаев университетінің студенттері төтенше жағдайдағы іс-әрекеттермен танысты

Сәтбаев университетінің студенттері төтенше жағдайдағы іс-әрекеттермен танысты

Сәтбаев университетінің ерекше қажеттілікті талап ететін студенттері Алматы қаласы Диспетчерлік қызметінің «Жоспарлау және шұғыл басқару орталығына» экскурсияға барып, төтенше жағдайлармен және мамандандырылған қызметтің іс-әрекеттерімен тереңірек танысты.

Студенттер Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінде болып, Орталықты аралап көрді және төтенше жағдайларда, жер сілкінісі мен өрт кезінде қайда бару керек және қандай іс-әрекет жасау керектігі туралы көптеген сұрақтар қойды. Осылайша, есту қабілеті нашар және басқа да ерекше қажеттілікті талап ететін студенттердің төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттері бойынша шұғыл семинар ұйымдастырылды. Одан әрі студенттер жасанды жер сілкінісін туындататын симуляторды көріп, басқару пультін аралап шықты және Орталықтың жер сілкінісі, сел немесе қар көшкіні кезінде жүргізілетін жұмыс жүйесімен танысты.

Экскурсияны Азаматтық қорғаныс, өрт қауіпсіздігі және еңбекті қорғау штабы мен университеттің «Инклюзивті білім беруді қолдау және сүйемелдеу орталығы» бірлесіп ұйымдастырды. Бұл іс-шара Сәтбаев университетінің инклюзивті білім беруді дамыту және қалалық ортада студенттерді қауіпсіздік туралы хабардар ету жөніндегі бағдарламасының бір бөлігі болып табылады.

 

Ескерту!

Қазақстандағы төтенше жағдайлар кезінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған шұғыл байланыс телефондары:

WhatsApp +7-701-995-44-15, +7-747-83-82-042.

Сәтбаев университетінің студенттері төтенше жағдайдағы іс-әрекеттермен танысты

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту