Сәтбаев университетінің театры әлеуметтік маңызы бар қойылыммен кәсіби сахнаға шықты

Сәтбаев университеті театрының труппасы алғаш рет кәсіби сахнада өнер көрсетті. Қалыптасқан дәстүр бойынша Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Сәтбаев университетінің театры жаңа қойылымның премьерасын өткізді.
Қойылым премьерасы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің концерт залында – Алматы орталығындағы тарихи театр сахнасында өтті. Техникалық университеттің жастар театры үшін бұл үлкен қадам.
«Бірінші сағат» деп аталатын жаңа премьера – қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірі, жастар арасында бір-бірін қорқытып-үркіту мәселесіне арналған әлеуметтік қойылым. Спектакль дауысты монолог ретінде қойылған, онда айтылған шынайы оқиғаға сахнада жан біткендей болады. Қойылым осы мәселенің мәнін ашып қана қоймай, оны сана, түйсік арқылы қабылдап, шешу жолдарын ұсынады.
Спектакльді Сәтбаев университетінің ArtLab театры «Бізбен бірге» қоғамдық қорымен бірлесе отырып, Алматы қаласы әкімдігінің Жастар саясаты жөніндегі басқармасының қолдауымен қойды.