7 қыркүйек 2021 6082

Сәтбаев университетінің төл дипломының үлгісі

Сәтбаев университетінің төл дипломының үлгісі

Satbayev University өзіндік үлгідегі жоғары кәсіптік және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы дипломдарды әзірлеу ҚР БҒМ әдістемелік ұсынымдары негізінде жүзеге асырылды. Бланкілердің бірегей эскиздері Директорлар кеңесінің 31.01.2021 №1 шешімімен бекітілген.

Диплом бланкілері мен білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттарға қосымшаларды ресімдеу кезінде ҚР БҒМ-нің құжат мазмұнына қойылатын барлық негізгі талаптары сақталған.

Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың бланкілері мен қосымшалары:

1)ЖЖОКБҰ атауы;

2)түлектің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

3)білім беру бағдарламасының (мамандықтың) коды және атауы;

4)берілетін дәреже (бар болса);

5)дәреже беру туралы аттестаттау комиссиясының отырысы хаттамасының күні мен нөмірі (бар болса). Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дипломдарында ғылыми консультанттар және ресми рецензенттер туралы деректер, диссертациялық Кеңес отырысы хаттамасының күні, нөмірі (ерекше мәртебесі бар ЖЖОКБҰ үшін) немесе Комитет бұйрығының күні, нөмірі (ерекше мәртебесі жоқ ЖЖОКБҰ үшін);

6) оқыту нысаны;

7) ЖЖОКБҰ басшысының қолы;

8) реттік тіркеу нөмірі;

9) берілген күні және орны (қаласы);

10) ЖЖОКБҰ мөрі.

Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттарда институционалдық аккредиттеу жөніндегі аккредиттеу агенттігінің логотипі және (немесе) атауы орналастырылады.

Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттарға қосымшада білім беру бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеу жөніндегі, аккредиттеу агенттіктерінің логотиптері (немесе) атаулары орналастырылады.

Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттарда қорғаныш белгілері болады.

Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттарда деректерді автоматты сәйкестендіру және жинау технологиясы және (немесе) QR коды қолданылады. Әрбір осындай нөмір ұлттық білім беру деректер базасында (ҰБДҚ) сақталады және нақты түлекке байланыстырылады.

Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттың әрбір түрі үшін серия мен реттік нөмірлеуді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі белгілейді.

Өзіндік үлгідегі құжаттарды толтыру баспа құрылғыларының көмегімен жүргізіледі.

Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың бланкілері мен қосымшалары мемлекеттік, ағылшын және (немесе) басқа (орыс және т.б.) тілдерде толтырылады.

Жоғары кәсіби және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру туралы өзіндік үлгідегі диплом бланкілері "ҚР Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы" РМК-да басылып шығарылды және 2021 жылдың шілдесінде Сәтбаев университетінің түлектеріне салтанатты түрде табыс етілді.

 

Көбірек

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту