Ақпарат:

12 маусым 2025 519

Сәтбаев университетінің Цифрлық техника және технологиялар институты ШЫҰ технологиялар трансфері орталығымен және Қытайдың Мұхит университетімен халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда

Сәтбаев университетінің Цифрлық техника және технологиялар институты ШЫҰ технологиялар трансфері орталығымен және Қытайдың Мұхит университетімен халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда

Сәтбаев университетінің Цифрлық техника және технологиялар институты 2025 жылғы 8-9 маусым күні Шанхай ынтымақтастық ұйымының Қытай технологиялар трансфері орталығы Циндао (ҚХР) қаласында ұйымдастырған ШЫҰ-ның ғылыми-техникалық ынтымақтастық форумында таныстырылды. «Инновация – тұрақты дамудың драйвері ретінде» атты тақырыппен өткен форумға белгілі академиктер қатысты, жастардың инновациялық форумы мен технологиялық жетістіктер көрмесі ұйымдастырылып, халықаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылау үшін B2B-кездесуі өтті. Сонымен қатар бірлескен білім беру бағдарламаларын құру, академиялық ұтқырлықты дамыту, ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру және шетелдік студенттерді тарту мәселелері де талқыланды.

Қытай Халық Республикасы тарапынан мына оқу орындарының басшылары мен өкілдері қатысты: Пекин көлік университеті (Пекин), Пекин технологиялық институты (Пекин), Сиань электротехника университеті (Сиань), Қытай халықаралық экономика және сауда университеті (Пекин), Қытай мұнай университеті (Циндао), Циндао ғылым және технологиялар университеті (Циндао), Солтүстік-батыс саясат және заң университеті (Сиань), Сиань политехникалық университеті (Сиань), Ішкі Моңғолия ғылым және технологиялар университеті (Баотоу), Циндао аграрлық университеті (Циндао), Баоцзи өнер және ғылым университеті (Баоцзи), Хорчин өнер институты (Тунляо), Ордос кәсіптік колледжі (Ордос), Циндао техникумы (Циндао).

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ атынан Әкімшілік, әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор С.Қ. Шалабаев, сондай-ақ ЦТТИ-ның Директорлар кеңесінің төрағасы А.Д.Ахметов қатысты. Форум аясында ЦTTИ Қытай мұхит университетімен (Ocean University of China) ынтымақтастық орнатты және Қытайдың мұхит университетінің Ақпараттық ғылымдар және инженерия факультетімен қарым-қатынас жасауға ниет білдіргені туралы келісімге қол қойды. ЦTTИ басшылығы мен Қытайдың мұхит университеті Компьютерлік ғылымдар және технологиялар институты партия комитетінің хатшысы, профессор Хун Фэн IT инженерия, цифрлық жобалар және жасанды интеллект саласында бірлесіп қызмет ету туралы келісім жасады.

Қытайдың ШЫҰ технологиялар трансфері орталығы ҚХР-ның ұлттық ресми платформасы болып табылады, оның қызметі ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер негізінде «Белдеулер мен жолдар» бастамасы бойына орналасқан елдер арасында ғылыми-техникалық, сауда-экономикалық, білім беру және мәдениет салалары бойынша ынтымақтастық қарым-қатынасты кеңейтуге бағытталған. Орталық ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің бастамасымен 2020 жылдың желтоқсан айында Циндао қаласында (Шаньдун провинциясы) құрылған. Орталықтың қызметі ШЫҰ Хатшылығының, Ғылым және технологиялар министрлігінің, ҚХР Сыртқы істер министрлігінің және басқа да ведомстволардың қолдауымен жүзеге асырылады. Орталықтың Қытайдың негізгі қалаларында үйлестіру орталықтары және Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және Еуропа елдерінде халықаралық кең серіктестік желісі бар.

Сәтбаев университетінің Цифрлық техника және технологиялар институты ШЫҰ технологиялар трансфері орталығымен және Қытайдың Мұхит университетімен халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда

Сәтбаев университетінің Цифрлық техника және технологиялар институты ШЫҰ технологиялар трансфері орталығымен және Қытайдың Мұхит университетімен халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту