6 қазан 2021 2710

Сәтбаев Университетінің түлегі, ғалым Сілямхан Жапарханұлы тұрған үйде ескерткіш тақта ашылды

Сәтбаев Университетінің түлегі, ғалым Сілямхан Жапарханұлы тұрған үйде ескерткіш тақта ашылды

Осы жылы қазанның 5 күні Алматы қаласы «Ұлы Отан соғысы, тыл еңбеккерлері және соғыс жылдарының балалары» Ардагерлер кеңесі» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Сілямхан Жапарханұлы Жапархановтың тұрған үйінде мемориалды ескерткіш тақта ашылды.

Сілямхан Жапарханұлы – белгілі ғалым, 60 жылдық еңбек өтілі бар геолог. Белсенді ғылыми ізденістері үшін 1980 жылы ҚазССР ғылым және техника саласында Мемлекеттік сыйлықтың иегері болды. 1946, 1970, 1976, 1985, 1995, 2000, 2002, 2006 жылдары ҚР және КСРО мерекелік медальдарымен марапатталды. 2001 жылы «ҚР жер қойнауының құрметті барлаушысы» атағы және 2006 жылы ғылым мен техника саласының дамуына ерекше үлес қосқан ғалымдар үшін берілген Мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері атанды.

Сілямхан Жапарханов 1927 жылдың 25 тамызында Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының Қараш ауылында дүниеге келді. Ең алғаш тәмамдаған оқу орны – Семей қаласының геологиялық барлау техникумы (1948 ж.). 1953 ж. Қазақ Тау-кен металлургия институтын бітірді, ал арада 50 жыл өткенде бұл институт Сәтбаев Университеті аталды.

Содан кейін еңбек жолын Орталық Қазақстан геологиялық партиялары мен экспедицияларында жұмыс істеуден бастады. 1986 жылы докторлық диссертациясын қорғағаннан кейін В.И.Ленин атындағы ҚазПТИ-дің Гидрогеология және инженерлік геология бөлімінің меңгерушісі қызметіне ауыстырылды. Өмірінің соңғы уақытына дейін Сілямхан Жапарханұлы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің «Гидрогеология және инженерлік геология» кафедрасының профессоры болып қызмет атқарды. Ол 3 ғылым докторы мен 20 ғылым кандидаттарын дайындады, Қазақстанның тау-кен гидрогеологиясы бағыты бойынша ғылыми жетекші атанды. Ол 350 ғылыми еңбектің, оның ішінде 20 монография, 3 ғылыми әдістемелік пен 3 ғылыми еңбектің авторы.

Ескерткіш тақта ашу салтанатына ғалымның замандастары, әріптестері, туған-туыстары мен оның ізін жалғастырушы жас ғалымдар қатысып, жылы естеліктерімен бөлісті. Сәтбаев Университеті Сілямхан Жапарханұлының ғылыми жетістіктерін мақтан тұтады!  

Satbayev University подписал меморандум о сотрудничестве в сфере строительства

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту