Сәтбаев Университетінің үшінші миссиясына арналған форсайт сессиялары өтті
Өткен демалыс күндері Сәтбаев Университетінің ұжымы ғылым мен білім саласындағы шешімдерді әзірлеуге және университеттің болашақтағы миссиясын дамытуға бағытталған форсайт сессиясын өткізу үшін жиналды. Сессия жұмысына Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Нұрбек Сапарходжаев, «KARLSKRONA» компаниясының бас директоры Уәлихан Ахметов және өндіріс орындарының өкілдері, жұмыс берушілер, университеттің серіктестері қатысты.
Форсайт сессиялары – бизнес, саясат, ғылым және технология сияқты салаларда кең ауқымда қолданылатын жоспарлаудың инновациялық әдісі болып табылады. Бұл сессиялардың жұмысы болашақта болатын оқиғаларды немесе тенденцияларды болжауға және жұмыс барысын осы болжамдарға сәйкес жоспарлауға бағытталған. Бұл – ұйымдар мен жеке тұлғалардың негізгі шешім қабылдауына көмектесу үшін стратегиялық жоспар жасау, сценарий жоспарлау, келешек зерттеулер мен басқа құралдар элементтерін біріктіретін көп салалы тәсіл.
Мұндай форсайт сессиялары шешім қабылдаудың белсенді тәсілі болғандықтан, олар Сәтбаев Университетінде өте танымал, әрі бастауыш және жоғары стратегиялық деңгейлерде кеңінен қолданылады. Форсайттың сессиясында қатысушылар тың идеяларды әзірлеу, олардың ең жақсысын таңдау және оны жүзеге асыру жолдарын пысықтау үшін, соңғы шыққан механизмдерді қолданды.