Сәтбаев университетінің ұжымы БЖЗҚ өкілімен кездесті
Осы жылы 22 қараша күні Сәтбаев университеті Е.А. Түркебаев атындағы Жобаларды басқару институтының студенттері мен мұғалімдері «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» КеАҚ-ның Басқарушы директоры Мәулен Өтеғұловпен кездесу өткізді.
Шақырылған өкіл қазақстандық зейнетақы жүйесінің қалыптасу және даму тарихы, азаматтар үшін зейнетақы жүйесін қалыптастырудың халықаралық тәжірибесі, зейнетақы жүйесінің негізгі түрлері, міндетті түрде қаржыландырылған жүйенің компоненттері мен операциялық схемасы туралы айтып берді және аудиторияның сұрақтарына жауап берді.
Өтеғұлов Мәулен Амангелдіұлы – экономист, қаржыгер. Қаржы министрлігінде және бірқатар ірі қаржы институттарында жетекші лауазымдарды атқарған, жұмыс тәжірибесі мол. 2007 жылдан 2013 жылға дейін «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Заң департаментінің, стратегиялық жоспарлау бөлімшелерінің, бюджеттік жоспарлау мен бақылаудың, қазынашылық бөлімінің қызметін қадағалады.
2014 жылдан 2017 жылға дейін «Қазақстанның қаржы ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінде қаржы секторы, проблемалық қарыз алушылар, салық салу және аудиторлық компаниялармен жұмыс жөніндегі басқарушы директор лауазымын атқарды. 2017 жылдың сәуірінен бастап «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Басқарушы директоры – Басқарма мүшесі болып тағайындалды.
Мәулен Өтеғұлов «Қазақстанның тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстанның тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстанның тәуелсіздігіне 25 жыл» медальдарымен марапатталған, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің және «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрағасының Құрмет грамотасымен марапатталған, ҚҚА «Еңбек сіңірген қаржыгері»,«Банктің еңбек сіңірген қызметкері» атағына ие болған.