Сәтбаев университетінің зерттеушілеріне арналған Wiley Webinar сериясы
Wiley баспасы 2021 жылдың 22-24 маусым күндері ғылыми зерттеушілерге арналған орыс тіліндегі ақысыз вебинарлар сериясын өткізеді. Вебинарға қатысқандардың барлығына сертификаттар беріледі.
Ғылыми мақала жариялау үшін қолайлы журналды қалай табуға болады?
Өтетін күні: 22 маусым
Уақыты: 8:00 және 11:00 (Мәскеу уақытымен)
Вебинарға тіркелу
Ашық қол жетімділік: мақаланы жариялау үшін журнал таңдағанда нені білу керек?
Өтетін күні: 22 маусым, уақыты, 14:00 (Мәскеу уақытымен)
23 маусым, уақыты, 11:00 (Мәскеу уақытымен)
Вебинарға тіркелу
Рецензия және этика: мақаланы жариялау процесін қалай жеделдетуге болады?
Спикер: Wiley баспасының редакторы Анна Ляшенко.
Өтетін күні: 23 маусым
Уақыты: 11:00 және 14:00 (Мәскеу уақытымен)
Вебинарға тіркелу
Ресейдегі және әлемдегі кокрейн
Спикер: Ресейдегі Кокрейн орталығының директоры, м.ғ.д. Лилия Евгеньевна Зиганшина
Өтетін күні: 24 маусым
Уақыты: 8:00, 11:00 және 14:00 (Мәскеу уақытымен)
Вебинарға тіркелу
2020 жылдың 26 қарашасынан бастап 2021 жылдың 25 қарашасына дейін Сәтбаев Университетінде Wiley баспасының химия және геологиялық бағыттар бойынша 159 ғылыми журналына жазылу бар екенін естеріңізге саламыз. Платформадағы жазылым бойынша 2017-2021 жылдарға арналған журналдар басылымдарының толық мәтіндеріне қол жетімділік беріледі.
Тіркелуге және ақпараттық ресурстарға қатысты барлық сұрақтар бойынша ақпараттық-талдау бөлімінің кітапханашысы Әсем Утеуловаға хабарласа аласыздар: auteulova.88@mail.ru