11 желтоқсан 2019 3907

Сәтбаев университетінің жас сәулетшілері «Сәулет кубогын» жеңіп алды

Сәтбаев университетінің жас сәулетшілері «Сәулет кубогын» жеңіп алды

2019 жылы 7 желтоқсанда Алматы қаласы әкімдігінің және ҚР Сәулетшілер одағының қолдауымен Алматы қаласының жас сәулетшілері үшін республикалық «Сәулет кубогы» байқауы өтті.

Іс-шараға барлығы 8 команда қатысты, оның ішінде екі команда Сәтбаев университетінен ұсынылды. Олардың құрамында студенттер, магистранттар және докторанттар, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының жас сәулетшілері болды.

Сонымен қатар жас сәулетшілер үшін жеке байқау ұйымдастырылды.

Байқаудың бірнеше кезеңдерінің қорытындысы бойынша Сәтбаев университетінің PolyARCH командасы сенімді жеңіске жетіп, бас жүлдені ұтып алды.

Команда құрамында «Сәулет» кафедрасының өкілдері: Владимир Яскевич – докторант, магистранттар – Анара Ноғайбаева, Дарья Абайдулова, Оксана Барсукова өздерінің өнерлерін айқын көрсете білді. Қазылар алқасы команда мүшелерінің кәсіби дайындығын, олардың креативтілігі мен командалық рухын жоғары бағалады.

Тәжірибеден өтуші сәулетшілерге арналған байқау-конкурста біздің университеттің 2018 жылғы түлегі, сәулетші Жандос Алимкулов диплом жеңіп алды.

«Сәулет» кафедрасының студенттері мен магистранттары барлық викториналар мен жарыстарға белсене қатысып, көптеген жүлделерге ие болды.

Сәтбаев университетінің жас сәулетшілері «Сәулет кубогын» жеңіп алды

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту