Ақпарат:

11 сәуір 2024 2905

Satbayev International Conference 2024: Тұрақты дамуды іздеуде ғылым мен техниканың жаңа көкжиектері

Satbayev International Conference 2024: Тұрақты дамуды іздеуде ғылым мен техниканың жаңа көкжиектері

Бүгін Сәтбаев Университетінің 90 жылдығын мерекелеу және Ғылым күні бағдарламасы мен Қаныш Сәтбаевтың мерейтойын атап өту аясында университетте «Ғылым мен технология интеграциясы: тұрақты даму жолы» атты Satbayev International Conference 2024 халықаралық конференциясы өтті.

Бұл Қазақстандағы ең ірі негізгі ғылыми шаралардың бірі, ол ғылым мен технология және инновация саласы бойынша әртүрлі елдердің ғалымдарын, инженерлерді, өнеркәсіп пен бизнес өкілдерін өзара білім мен тәжірибе алмасу және идеяларымен бөлісу үшін біріктіретін үлкен жиын. Биылғы конференцияның басты тақырыбы – «Ғылым мен технологияның интеграциясы: тұрақты даму жолы».

Конференцияны университет ректоры Мейрам Бегентаев ашып, қатысушыларды мерекелерімен құттықтады және университет өміріне белсене атсалысып жүргені үшін университеттің Директорлар кеңесіне алғыс білдірді:

— Бүгінгі таңда ғылым қай жерде аяқталып, оның нәтижелері іс жүзінде қай жерде қолдана басталғанын анықтау өте қиын. Сондықтан да бүгінгі конференцияның тақырыбы қоғам мен экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін инновациялық тәсілдер мен технологияларды дамытуға деген біздің ұмтылысымызды көрсетеді», - деді ол өзінің құттықтау сөзінде.

Конференцияда жоспарланған жеті панельдік сессия өтті, олар тау-кен металлургия кешені, мұнай-газ өнеркәсібі мен геология, машина жасау, энергетика, көлік, цифрлық трансформация, IT, қала құрылысы және жобаларды басқару салаларының тұрақты даму стратегияларына бағытталған. Конференция аясында жетекші сарапшылар баяндама жасап, шетелдік (АҚШ, Қытай, Жапония, Германия, Польша, Түркия, Әзірбайжан, Грузия және т.б.) ғалымдардың, бизнес-құрылымдар мен өнеркәсіп өкілдерінің қатысуымен пікірталастар өтті.

Аталмыш конференция жетекші сала өкілдерінің пікір алмасу алаңына айналады, атап айтқанда: ҚР Энергетика министрлігі, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі, Геология комитеті, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы,  ҚР Ұлттық инженерлік академиясы, ERG, «Қазақмыс», «Қазақмыс-Барлау», Astana Group, Отбасы банк, Baker Hughes, «Тенгизшевройл», Kazenergy, Schlumberger, Alageum Group, Борусан Макина Казахстан, North Caspian Operating Company және т.б. компания өкілдері бір-бірімен пікір алмасады.

Satbayev International Conference конференциясы жас ғалымдар мен студенттерге өз зерттеулерінің нәтижелерін көпшілікке ұсынуға және тәжірибелі кәсіби мамандармен кері байланыс жасауға тамаша мүмкіндік берді, бұл мүмкіндік жас таланттарды ғылыми тұрғыда өсуге ынталандырады және өз-өзін дамытуға көмектеседі.

Satbayev International Conference 2024: Тұрақты дамуды іздеуде ғылым мен техниканың жаңа көкжиектері

Конференция барысында кітап көрмесі, Орталық мемлекеттік мұрағаттың «Қ.И.Сәтбаевтың жеке қорынан» атты көрме, сондай-ақ «Сәтбаев Университетінде жасалған» атты таңбамен іргелі және қолданбалы ғылымның ғылыми жетістіктерінің ауқымды көрмесі өтті. Соңғы екеуі – университет ғалымдарының тәжірибелік жетістіктерінің көрмелері, бұл көрме серіктестік келісімдерді жасау, бірлескен стартаптар мен ғылыми жобаларды ұйымдастыру алаңына айналды.

Көрмеде ұсынылған жобалар сандық егіздер мен әскери құрылыс ғимараттарын тұрғызу мақсатында 3D басып шығаруды пайдаланудан бастап, суды тазартуға арналған соңғы полимерлерге дейінгі тақырыптардың кең ауқымын қамтиды. Бұл жобалар қазіргі заманның қиындықтарын шешудің жаңа тәсілдерін ойлап табуға көмектеседі.

Ғылым күні және ұлы ғалым, академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойы – еліміздің ғылыми қауымы үшін айтулы мереке, ол инновациялық орта қалыптастыруға және болашағы зор ғылыми зерттеулерді одан әрі дамытуға ықпал ететін маңызды оқиға.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту