Satbayev University "Болашаққа кемел біліммен" Республикалық студенттік олимпиада өткізді
27-28 ақпанда Satbayev University-де "Болашаққа кемел біліммен" Республикалық пәндік олимпиадасы өтті. Олимпиадаға Қазақстанның барлық өңірлерінен "Инженерлік механика", "Құрылыс материалдары", "Құрылыс конструкциялары", "Инженерлік жүйелер мен желілер" және "Көлік құрылыстары" бойынша тапсырмаларды орындаған болашақ инженер-құрылысшылар қатысты.
Әрбір конкурстық тапсырма 4 қиындық деңгейіндегі міндеттерден тұрды. Олимпиада онлайн форматта өтті. 149 студент нақты уақыттағы тапсырмаларды орындап, интернет арқылы жауаптар жіберді. Тапсырмалар студенттер өз салалары туралы терең білімдерін көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар тапқырлық пен инженерлік ойлауды көрсете алатындай етіп жасалды.
Сәулет және құрылыс институтының қауымдастырылған профессоры Құралай Жолдасованың төрағалығымен өткен комиссия тапсырманың дұрыстығын ғана емес, оның сапасы мен толықтығын да бағалады.
Олимпиадаға Алматы, Қызылорда, Тараз, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарынан, Павлодар мен Түрікменстаннан он бір техникалық ЖОО қатысты. Ұйымдастырушылар Т.К. Басенов атындағы сәулет және құрылыс институтының "Құрылыс және құрылыс материалдары" кафедрасы болды.
Satbayev University еліміздің индустриясының кадрлық әлеуетін — дарынды инженерлерді, олимпиада жеңімпаздарын таныстыруға қуанышты!
Жүлделі орындар
Инженерлік механика
1 орын Жансериков Дамир (Satbayev University )
2 орын Левин Даниил (Satbayev University )
2 орын Ерболатова Дильназ (ХББК)
3 орын Какпенов Асылхан (Satbayev University )
3 орын Нуркайат Жансауле (Satbayev University )
3 орын Серікболат Гульназ (Satbayev University )
Құрылыс материалдары
1 орын Аруан Аяулым (М.Х.Дулати атындағы ТарӨУ)
2 орын Кенжеханова Жулдыз (Satbayev University )
2 орын Ишангали Айымжан (Satbayev University )
3 орын Вильд Даниил (М. Қозыбаев атындағы СҚУ)
3 орын Котикова Маххабат (ХББК)
3 орын Егембердыев Азиз (ТМСҚУ)
Құрылыс конструкциялары (Еурокодты қолдану)
1 орын Искендерова Карина Сафтаровна (Satbayev University )
2 орын Камалиева Диана Бакытжановна (Satbayev University )
2 орын Калдыбеков Динмухамед Владимирович (М.Х.Дулати атындағы ТарӨУ)
3 орын Мирашева Жанел Ринатқызы (М.Х.Дулати атындағы ТарӨУ)
3 орын Айтым Әли Қуанышұлы (КеАҚ «Торайғыров университеті»)
3 орын Гуркин Артём Владимирович (КҚУ)
Инженерлік жүйелер мен желілер
1 орын Жылқаманов Айдын Айбекұлы (Satbayev University )
2 орын Әшім Сәния Әсетқызы (Satbayev University)
2 орын Ширмедов Эзиз Байрамович (ТМСҚУ)
3 орын Меирханова Балжана Шалқарқызы (Satbayev University)
3 орын Сычёв Данил Валерьевич (Satbayev University)
3 орын Жидебаев Куаныш Еркенович (Satbayev University)
Көлік құрылыстары
1 орын Адилжанов Фархад (Satbayev University)
2 орын Алдабаев Ержан Кадырович (ЛКА)
2 орын Науразбеков Айтуган Куанышевич (КеАҚ «Торайгыров университет»)
3 орын Абекбаева Гүлжан Ержанқызы (Д. Серикбаев атындағы ШҚТУ)
3 орын Сидиров Никита Вадимович (Satbayev University )
3 орын Қожағұл Қасима Болатқызы (ЛКА)