Satbayev University-де «Автоматтандыру және басқару» бағыты бойынша XVII Республикалық олимпиада өтті

Сәуір айының соңында Satbayev University инженерлік дарындардың басын қосқан орталыққа айналды — университеттің Автоматика және ақпараттық технологиялар институтында еліміздің 14 жетекші жоғары оқу орнынан келген студенттер қатысқан XVII Республикалық пәндік олимпиада автоматтандыру бағыты бойынша өтті.
Қатысушылар еліміздің түкпір-түкпірінен жиналып, тек білімдерін ғана емес, сонымен қатар өндірісті автоматтандыру — бұл тек формулалар емес, сонымен бірге шынайы құштарлық екенін көрсетті.
Екі кезеңнен тұрған тартысты жарыстың қорытындысы бойынша қазылар алқасы үздіктерді анықтады. Алтын жүлдені Қазақстан-Британ техникалық университетінің студенті Ельнар Дусекенов жеңіп алды. Күміс жүлдені аталған университеттің студенті Сагдиана Лекер мен Шәкәрім атындағы университеттен келген Дінмұхаммед Жұмағазынов бөлісті. Қола медаль иегерлері — Шәкәрім университетінің студенттері Асанәлі Үсенов, Жасыбай Смағұлов С. Сейфуллин атындағы Қазақ агратехникалық зерттеу университетінің студенті және Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенті Алмас Жұбанов. Командалық есепте Қазақстан-Британ техникалық университеті көш бастады, екінші орынды — Шәкәрім атындағы университет, ал үшінші орынды — Қарағанды техникалық университеті иеленді. Жеңімпаздар дипломдармен, естелік сыйлықтармен және болашаққа серпін беретін шабытпен марапатталды.
Олимпиада тәжірибе алмасуға және техникалық білімді ілгерілетуге арналған алаңға айналып, «Өндірісті автоматтандыру және басқару» мамандығының әлі де сұранысқа ие екенін және инженерия — қазіргі білім берудің өзекті бағыттарының бірі екенін көрсетті.
«Бұл олимпиада — кәсіби өсуге және пікірлестермен танысуға тамаша бастама», — деп атап өтті ұйымдастырушылар.
Satbayev University барлық қатысушыларға, оқытушылар мен тәлімгерлерге инженерлік ойдың жарқын мерекесі үшін алғыс білдіреді!