Ақпарат:

15 қыркүйек 2023 2481

Satbayev University-де Эндаумент-қорының қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы өтті

Satbayev University-де Эндаумент-қорының қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы өтті

Satbayev University-де Эндаумент-қорының қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Қамқоршылар қорды дамыту жөніндегі болашақ іс-шараларды, университеттің инвестициялық жобаларын және меценаттарды тартуды ұйымдастыру  үшін алғаш рет офлайн форматта кездесті.

Шараға -  Алмат Байымбетов, Мейрам Бегентаев, Евгений Щербинин, Руслан Қуатов, Әділ Нұрғожин, Қайсар Қожамұратов, Олжас Хұдайбергенов, Сәкен Шаяхметов, Медет Рахымбаев, Қуаныш Ерғалиев, Әлім Хамитов қатысты.

Эндаумент қоры – университетті қолдау және оны ұзақ мерзімді перспективада дамыту үшін құрылған қаржы құралы. Қорда сақталатын қаражат инвестицияланады және стипендиялық бағдарламалар, ғылыми зерттеулер, жаңа технологиялар құру және т.б. сияқты университет жобаларын қаржыландыруға жұмсалатын табыс көзін әкеледі. Эндаумент қорының арқасында университет талантты студенттер мен ғалымдарды тарта алады, сонымен бірге зерттеулер жүргізіп, инновациялық жобалар жасай алады. 

Satbayev University Эндаумент-қоры қаржылық құралы. Ол өткен жылы ағылшын құқығы бойынша ашылды және қазіргі уақытта бастапқы қаражат жинау жүріп жатыр. Бұл Қазақстан Республикасының Жоғары білім берудегі алғашқы бастамаларының бірі. Эндаумент-Қорының қамқоршылары Satbayev University дамытуға және оның болашақ табысына үлкен қызығушылық танытты.

Satbayev University-де Эндаумент-қорының қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы өтті

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту