11 желтоқсан 2023 5965

Satbayev University-де "GEOFEST-2023" геологтардың I фестивалі өтті

Satbayev University-де "GEOFEST-2023" геологтардың I фестивалі өтті

Satbayev University-де "GeoPolytech" жас геологтардың ұйымы ұйымдастырған "GEOFEST 2023"геологтардың I фестивалі өтті. Фестиваль тәжірибелі профессионал мен инженер-геологтың өмірін таңдаған жас студенттер арасындағы қарым-қатынас алаңына айналды.

Фестивальге Қазақстанның түкпір-түкпірінен сарапшылар мен Kazakhmys Barlau, ERG Exploration, Qazaq Geophysics, SRK Sonsulting, KazMinerals, Dolon, Micromine, ПОНЭН, АлмасГео компанияларының өкілдері, А. Сағынов атындағы ҚарМТУ студенттері мен оқытушылары және т. б. қатысты.

Салтанатты жағдайда фестиваль қонақтары "Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген геологы" медалімен марапатталған KAZ Minerals минералды ресурстар басқармасының бас геологы - Баян Әлжанованың еңбегін атап өтті. Геология комитеті атынан марапатты Kazakhmys Barlau Бас директорының кеңесшісі - Ақбатыр Надырбаев табыс етті.

Фестиваль "Қазіргі цифрлық әлемдегі Геолог: ол кім және оның елдегі тау-кен саласын дамытуға қосқан үлесі қандай болуы керек" тақырыбына арналған панельдік пікірталастармен жалғасты. Қатысушылар өздерінің көзқарастарымен бөлісті және кәсіби ортада жаңа байланыстар орнатты.

Фестивальде шығармашылыққа үлкен орын берілді: фестиваль ArtLab алаңында өтті, оны "Найза" тобының орындауындағы Жас геологтардың Әнұраны ашты, фестивальдің бір бөлігі Satbayev University және Kazakhmys Barlau, Qazaq Geophysics, Kazminerals және т. б. компаниялары ұйымдастырған фотокөрме болды. 

"Geofest-2023" — біздің Республикамыздың геологиясын дамытудағы және оны жастар арасында танымал етудегі тағы бір құнды серпін. Геология дәстүрлі және заманауи технологиялардың бірігуі бола отырып, қарқынды дамып келеді. Геологтар зерттеушілер ретінде ғана емес, сонымен қатар озық компьютерлік технологиялар мен цифрлық мазмұнды жасаушылар ретінде де әрекет етеді. Фестивальдің миссиясы - бірегей дәстүрлерді сақтай отырып және тау-кен геологиялық барлау саласындағы үздіксіз сабақтастықты сақтай отырып, аға буынның білімі мен тәжірибесін кіші буынға жеткізу болып табылады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту