Satbayev University-де ірі қалалардың құрылысы мен қауіпсіздігі мәселелеріне арналған халықаралық Форум өтті
Satbayev University-де Т.Бәсенов атындағы сәулет және құрылыс институты Еуразиялық сейсмология қауымдастығымен (ЕАСА) және Қазақстандық СЕЙСМО қауымдастығымен (КАЗАСА) сейсмология, сейсмикаға төзімді құрылыс және табиғи апаттардан қорғау бойынша бірлесіп ұйымдастырған «Ірі қалалардың құрылысы мен қауіпсіздігінің өзекті мәселелері» тақырыбында II Еуразиялық инновациялық халықаралық Форум өтті.
Іс-шараға сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі және қалалар мен елді мекендерді дамытудағы маңызды аспектілерді талқылау бойынша ЕАЭО, ТМД және алыс шет елдердің белгілі ғалымдары мен мамандары қатысты. Форумға қатысушылар мен тыңдаушылар ғылыми, жобалау және құрылыс компанияларының өкілдері, бейінді жоғары оқу орындарының профессорлары мен оқытушылары, сондай-ақ қалалық инфрақұрылымды қауіпсіз дамытуға мүдделі мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың өкілдері болды.
Форумның іскерлік бағдарламасы аясында күндізгі және қашықтықтан «Қала құрылысы және сәулет», «Сейсмикалық қауіпсіздік және сейсмикаға қарсы құрылыс» және «Құрылыс материалдары, технологиялары және инженерлік жүйелер» секциялары жұмыс істеді. Ғылыми және академиялық қауымдастықтар, сондай-ақ жобалау және іздестіру ұйымдары тарапынан спикерлердің баяндамалары ұсынылды.
Форумда қолданыстағы құрылыс пен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ескере отырып, даму процесінде ірі қалалардың алдында тұрған ең өзекті мәселелер талқыланды. Спикерлер сейсмикаға төзімді құрылыс және сейсмология, сәулет және қала құрылысы саласында ірі қалалар мен елді мекендерді салу бойынша жаңа ғылыми және техникалық әзірлемелерді ұсынды, заманауи прогрессивті норма жасау саласындағы жетістіктерді көрсетті. Форум аясында дөңгелек үстел өтті, онда қазіргі заманғы үрдістер мен қалыптасқан проблемаларды шешудің мүмкін жолдары талқыланды.
Форум аясында еңбек сіңірген ғалымдар мен мамандар Еуразиялық СЕЙСМО қауымдастығының «Академик Төлеубай Жүнісов атындағы сейсмикаға төзімді құрылысты дамытуға қосқан үлесі үшін» атты құрмет медальдарымен және «Сейсмикаға төзімді құрылыс саласындағы ғылым мен техниканы дамытуға қосқан үлесі үшін» медальдарымен марапатталды.
Форум қатысушыларына өз әзірлемелерін көрсету, тәжірибе алмасу және жер сілкінісіне төзімді құрылыс саласындағы өзекті бағыттардың кең ауқымы бойынша болашақ бірлескен жұмыс үшін іргетас қалаудың бірегей мүмкіндігі ұсынылды. Форум қорытындысы бойынша резолюция қабылданды, ол мүдделі ұйымдар мен мемлекеттік органдарға ұсынымдар ретінде ұсынылатын болады.