8 сәуір 2022 2994

Satbayev University-де Мемлекет Басшысының жолдаулары талқыланды

Satbayev University-де Мемлекет Басшысының жолдаулары талқыланды

6 сәуірде университетте Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңарту және жаңғырту жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған студенттермен кездесу өтті. Шақырылған қонақ ретінде белгілі ғалым, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, т.ғ.д., профессор Ханкелді Әбжанов сөз сөйледі.

Ханкелді Махмұтұлы жолдауға арналған сөзінде «қаңтар оқиғасына» және оның талдауына ерекше назар аударғанын атап өтті. Академик алдағы саяси реформаларға баға беріп, студенттердің көптеген сұрақтарына жауап берді.

Шақырылған қонақтан басқа, кездесуде «Қоғамдық пәндер» кафедрасының оқытушылары - ассистент-профессор А.С. Мургабаева, лектор Г. А. Абдихапарова, ассистент Ж. Б. Жимахан сөз сөйледі.

Кездесуді қорытындылай келе, «Қоғамдық пәндер» кафедрасының профессоры Досалы Салқынбек Мемлекет басшысы атап өткендей, Жолдауда белгіленген міндеттерді іске асыру үшін бізге «бірлік, шыдамдылық, әділдік және ұстамдылық» қажет екенін айтты. «Жаңа Қазақстанды құру» - біздің ортақ міндетіміз.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту