Ақпарат:

23 қазан 2024 678

Satbayev University Erasmus+ EMINReM жобасы шеңберінде Эко-өндіру және табиғи ресурстарды басқару саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтады.

Satbayev University Erasmus+ EMINReM жобасы шеңберінде Эко-өндіру және табиғи ресурстарды басқару саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтады.

Satbayev University өкілдері Түркиядағы Думлупынар университетінде өткен Erasmus+ EMINReM: " Экологиялық кен өндіру және табиғи ресурстарды инновациялық басқару бойынша магистрлік бағдарлама" жобасы ұйымдастырушылар Халықаралық конференциясына және үшінші кездесуіне қатысты. 2023 жылдан бастап Satbayev University пайдалы қазбаларды өндіру және қайта өңдеуге маманданған магистранттарды табиғатқа экологиялық жүктемені төмендетуге бағытталған өнеркәсіптік процестерді қайта өңдеудің және оңтайландырудың заманауи әдістеріне оқытуға арналған осы халықаралық жобада төбе көрсетті.

Конференцияға Еуропа, Украина және Орталық Азия әртүрлі қаласынан Erasmus+ "EMINReM" жобасының үйлестірушілері жиналды. Қазақстаннан екі делегация келді: Satbayev University және  Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің өкілдері.

Қатысушылар 2024 жылға арналған "Тау - кен  ісі" бағыты бойынша әзірленген жұмыс оқу жоспарларына енгізілген табиғи ресурстарды экологиялық қауіпсіз өндіру және ұтымды пайдалану бағытындағы жаңа магистрлік бағдарламаларды таныстырды. Презентациялардан кейін қатысушылар электрондық оқытудың вертуалды платформасын қолданып, оқытуды ұйымдастыру және заманауи оқыту ортасын дамыту мәселелерін, сондай-ақ магистранттар мен EMINReM-нің озық сарапшылары үшін пилоттық тренингтер өткізу тетігін талқылады.

Ұйымдастырушылар жобаның нәтижелерін талқылап, жоба барысына бақылау мен мониторингті күшейту, оның нәтижелерін белсенді тарату, кемшіліктерді жою және Қазақстан, Өзбекстан аумағында орналасқан Erasmus+ Ұлттық кеңсесін тарта отырып, проблемалық мәселелерді шешу туралы шешім қабылдады.

Конференцияға қатысушылар жобаға қатысатын әр университеттің білім беру үдерістеріне кірігу және одан әрі жұмыстың қадамдық жоспарын пысықтады.

Satbayev University Erasmus+ EMINReM жобасы шеңберінде Эко-өндіру және табиғи ресурстарды басқару саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтады.

Жоба 101082621 — EMINReM —ERASMUS-EDU-2022-CBHE Master Programme in Eco-Mining and Innovative Natural Resources Management (EMINREM ERASMUS+).

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту