Satbayev University ғалымы "Scopus Awards 2023" халықаралық сыйлығын алды
Қ.Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институты «Геофизика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Қуаныш Тоғызов «Геология (Жер туралы ғылым)» номинациясы бойынша «Scopus Awards 2023» халықаралық марапатына ие болды.
Қуаныш Тоғызов – университетте 2020 жылдан бері қызмет етіп келеді, ол әлеуеті өте жоғары жас ғалым. Оның негізгі ғылыми бағыты – дала және тас материалдарын өңдеу, оның еңбектері әсіресе уран өндіру саласында айрықша ерекшеленеді. Оның зерттеулерінің нәтижелері рецензияланатын ғылыми журналдарда мақалалар мен баяндамалар түрінде және Халықаралық ғылыми конференциялар жинағында жарияланды.
Қуаныш Тоғызовтың Хирша индексі 5, соңғы 5 жылда ол жас ғалымдар жиірек сілтеме жасайтын 20 жоғары квартильді мақалаларын жариялады. Оның 4 ғылыми мақаласы әлемдегі цитаталардың ТОП-10% енген. Міне, оның дәл осы жетістігі Scopus сыйлығына лайық деп танылды.
Халықаралық Scopus Awards сыйлығы – дүние жүзі ғалымдары жетістіктерінің объективті көрсеткіші. Ол ғылыми мақала авторларының ғылымның дамуына қосқан үлесін халықаралық деңгейдегі журналдарда жарияланған мақалалар саны мен оларға жасалған сілтемелер арқылы өлшейді. Жарияланған мақалалар саны әлемдегі ең үлкен көпсалалы Elsevier компанисының SCOPUS деректер қорының көмегімен индекстеледі, бұл қорда 7 000 халықаралық баспалардан жиналған 26 000-нан астам ғылыми, техникалық және медициналық журнал атаулары қамтылған.
Scopus халықаралық сыйлығы алғаш рет Қытайда 2004 жылы табыс етілді, содан бері бұл ғылыми сыйлық Латын Америкасы, Азия, Еуропа және Ресейде жарияланған ғылыми басылымдардың авторларына беріліп келеді. Сыйлық ғалымдарды белсенді жұмысы үшін марапаттауға, олардың ғалым мәртебесін қолдауға және жас ғалымдар арасында кәсіби ғылыми қызметін кеңінен насихаттауға бағытталған.