Satbayev University қызметкерлердің әл-ауқатын жақсартуға жасалып жатқан бастамаларды қолдайды
2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Сәтбаев университетінің HR қызметі (бұрынғы – қызметкерлерді басқару департаменті) қызметкерлерге бес күндік жұмыс режимінің бірін таңдауға мүмкіндік беретін ыңғайлы кестені жұмысқа енгізеді:
- 07-00-ден 19-00-ге дейін;
- 08-00-ден 17-00-ге дейін;
- 08-30-дан 07-30-ға дейін;
- 09-00-ден 18-00-ге дейін;
- 10-00-ден 19-00-ге дейін.
Жұмыс уақыты – университеттің ішкі тәртібінің ережелеріне сәйкес барлық қызметкерлер жұмыс орнында сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін (қандай кесте бойынша жұмыс істейтініне қарамастан) болуға міндетті.
Түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-00-ге дейін.
Мұндай ыңғайлы жұмыс кестесі университет қызметкерлері үшін өте тиімді. Неге десеңіз ата-аналар балаларын бала -бақша немесе мектептен өздерімен бірге алып, отбасымен уақытты көбірек өткізуге мүмкіншіліктері бар.
Жұмыс орындарындағы әл-ауқатты жақсартуға бағытталған Қазақстан университеттері үшін ерекше бастама. Сәтбаев Университеті – еркіндік аумағы!