Satbayev University қызметкерлері ACeSYRI жобасының асында ACeSYRI бойынша 4-ші Халықаралық семинар «Магистранттар мен PhD студенттерге заманауи тәжірибе атты» семинарға қатысты
25 мен 29 қыркүйек аралығында Erasmus+ "Advanced Center for PhD students and Young Researchers in Informatics" бағдарламасының ACeSYRI жобасында жұмыс жасайтын Satbayev University қызметкерлері Францияның Нанси қаласындағы Лотарингия университетіндегі ACeSYRI бойынша 4-ші Халықаралық семинар: Магистранттар мен PhD студенттерге заманауи тәжірибе атты конференцияға қатысты.
Семинарды ENSEM(UL) директоры, профессор Жан-Франсуа Петен, сондай-ақ жоба үйлестірушілері Елена Зайцева мен Виталий Левашенконың құттықтау сөзімен ашылды.
Семинарда профессор Айгерим Еримбетова "Нейрондық желінің көмегімен суреттердегі ақпаратты жасыру " атты баяндамасымен сөз сөйледі.
Адилхан Сымагулов "Төмен биіктіктегі мультиспектралды бейнелерге негізделген машиналық оқыту моделін пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы алқаптарының тұздану аймақтарын жедел картаға түсіру" атты баяндама жасады
Баянғали Абдығалым " НЛП онтологиясының терминологиялық өзегін құру " атты баяндама жасады.
Семинар соңында жоба серіктестері алдағы қадамдарын, университеттер арасындағы серіктестікті тереңдетуді және жоба туралы ақпаратты таратуды талқылады.