30 наурыз 2023 1994

Satbayev University логистика бойынша Х Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға шақырады

Satbayev University логистика бойынша Х Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға шақырады

Университет барлық қазақстандық жоғары оқу орындарының «Көлік қызметтері» бағыты бойынша бакалавриат студенттерін сәуір айының соңында Satbayev University-де логистика бойынша Республикалық олимпиадаға қатысуға шақырады.

Олимпиаданың бірінші кезең онлайн өтеді, финалы 26 сәуірде Алматы қаласындағы «Политех» аумағында өтеді. Онлайн (эссе) кезеңнен өткен жоғары оқу орындарының командалары стандартты емес ойлауды дамытатын және білімнің тереңдігін тексеретін логистикалық мәселелерді шешеді.

Қатысу үшін  команда (3 студенттен артық емес) 2023 жылдың 20 сәуіріне дейін (қоса алғанда) қатысуға өтінімді: n.toregalu@satbayev.university (Төрегали Наргиза) поштаға жіберу қажет.

 

Өтінім нысаны (олимпиаданың бірінші туры, онлайн):

1) Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Б.А. Жаутиковтың атына олимпиаданың 1 кезеңінің қорытындылары туралы ЖОО ректордың (проректордың) қолы қойылған хат немесе хаттамадан үзінді көшірмемен ресімделетін ЖОО Ғылыми кеңесінің шешімі;

2) олимпиадаға қатысу үшін өтініш формасы;

3)  талаптарға сәйкес рәсімделген, тақырыптардың біріне арналған команданың эссе жазбасы:

  • Қазіргі жағдайда Қазақстан Республикасында транзиттік дәліздерді дамыту;
  • Қазақстан Республикасында көлік-логистикалық қызметтер нарығын дамыту перспективалары;
  • Қазақстан Республикасы жағдайында жеткізу тізбегінің тұрақтылығын қамтамасыз ету факторлары;
  • Intralogistics 4.0-де Қазақстан Республикасының әлеуетін дамыту.

Бірінші турдың нәтижелері бойынша екінші турға қатысу үшін командалар таңдалады. Шешім қатысушыларға өтініш беру үшін пайдаланылған электрондық пошта арқылы хабарланады.

 

Екінші тур (offlain қатысуы)

Алматыдағы Олимпиадада тапсырмаларды топтық шешу және тестілеу.

 

Олимпиаданың екінші туры 2023 жылдың 26 сәуірінде сағат 9:00-де Алматыда Satbayev University аумағында басталады. Олимпиаданың жұмыс тілдері: қазақ, орыс. Жеңімпаздар дипломдармен және сертификаттармен марапатталады.

Олимпиада Ережелері:

  • жоғары оқу орнынан 2 командадан аспайтын (1 команда қазақ тілінде, 1 команда орыс тілінде) командалар саны жіберіледі;
  • команданың шекті саны 3 адамнан аспауы тиіс;
  • күндізгі бөлім нысанында оқитын 1-4 курс студенттері жіберіледі;
  • үміткерлердің кандидатураларын ұсыну құқығы өздері оқитын жоғары оқу орнының Ғылыми Кеңесімен ұсынылады.
  • қатысу шығындары (жол жүру, тәуліктік төлемдер) жіберуші тараптың есебінен қаржыландырылады.

Ұйымдастыру комитеті хатшысы:  эл.адрес: n.toregalu@satbayev.university (Төрегали Наргиза);  +7 705 769 6077 (Болатқызы Салтанат).         

Ұйымдастыру комитетінің үйлестірушісі: e-mail: g.mukhanova@satbayev.university,   +7701 993 7718 (Муханова Гульмира Самудиновна)

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту