10 маусым 2024 1722

Satbayev University маусым айында ірі қалалардың құрылысы мен қауіпсіздігі мәселелеріне арналған халықаралық Форум өткізеді

Satbayev University маусым айында ірі қалалардың құрылысы мен қауіпсіздігі мәселелеріне арналған халықаралық Форум өткізеді

Satbayev University қабырғасында 2024 жылғы 13 және 14 маусымда сәулет-құрылыс саласы үшін маңызды халықаралық оқиға – «Ірі қалаларды салу мен қауіпсіздіктің өзекті мәселелері» тақырыбында II Еуразиялық Инновациялық Форум өтеді. Бұл іс-шараға қазіргі заманғы қалаларды дамытудың және олардың сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды аспектілерін талқылау үшін ЕАЭО, ТМД және алыс шет елдердің ғалымдары мен мамандары қатысады. Ғылыми және академиялық қоғамдастықтың, сондай-ақ жобалау, құрылыс ұйымдарының атынан қатысатын спикерлер сөз сөйлейді. Қатысушылар мен тыңдаушылар арасында ғалымдар, ғылыми, жобалау және құрылыс компанияларының өкілдері, бейінді жоғары оқу орындарының профессорлары мен оқытушылары, сондай-ақ қалалық инфрақұрылымды дамытуға мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері болады.

Форумның негізгі мақсаты құрылыс салу және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету процесінде ірі қалалардың алдында тұрған ең өткір проблемаларды анықтау болып табылады. Спикерлер сейсмикаға төзімді құрылыс және сейсмология, ірі қалалар мен елді мекендерді салу саласындағы жаңа ғылыми және техникалық әзірлемелерді ұсынады. Дөңгелек үстелде қазіргі тенденциялар мен проблемаларды шешудің мүмкін жолдары талқыланады.

Форум жұмысы үш бағыт бойынша өтеді:

  • 1 бөлім. Қала құрылысы және сәулет;
  • 2 бөлім. Сейсмикалық қауіпсіздік және антисейсмикалық құрылыс;
  • 3 бөлім. Құрылыс материалдары, технологиялар және инженерлік жүйелер.

Форум аясында «Академик Жүнісов Төлеубай Жүнісұлы атындағы сейсмикаға төзімді құрылысты дамытуға қосқан үлесі үшін» және Еуразиялық СЕЙСМО Қауымдастықтың (EASA) атынан «Сейсмикаға төзімді құрылыс саласындағы ғылым мен техниканы дамытуға қосқан үлесі үшін» құрмет медальдарымен салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.

Ірі қалалардың құрылысы мен қауіпсіздігі жөніндегі II Еуразиялық Инновациялық Форум – бұл құрылыс саласының ғалымдары мен мамандары үшін тәжірибе алмасуға, өз әзірлемелері мен жетістіктерін ұсынуға, аса құнды ақпарат алуға, өзекті мәселелерді талқылауға және форумда қаралған бағыттар бойынша бірлесіп жұмыс істеу үшін іргетас қалауға бірегей мүмкіндік.

Өткізу уақыты:2024 жылғы 13 және 14 маусым күн сайын сағат 09:00-ден 18: 00-ге дейін.

Өтетін орны: Satbayev University, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту