Ақпарат:

28 тамыз 2025 469

Satbayev University мен Penn State University халықаралық кітапханалық ынтымақтастықты кеңейтуде

Satbayev University мен Penn State University халықаралық кітапханалық ынтымақтастықты кеңейтуде

Сәтбаев университеті мен Пенсильвания штаты университеті (Penn State, АҚШ) стратегиялық әріптестікті дамытуды жалғастыруда. Университетке Penn State University Libraries-тің жаһандық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Марк Мэттсон келді. Оның Сәтбаев университеті Ғылыми кітапханасының ұжымымен кездесуі ынтымақтастық қарым-қатынас перспективалары мен бірлескен бастамаларға арналды.

Сапар барысында Марк Мэттсон Penn State University кітапханасының мүмкіндіктерімен таныстырды. Бұл кітапхана – АҚШ-тағы жетекші академиялық кітапханалар жүйесінің бірі. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген студенттер мен зерттеушілерді біріктіретін инновациялар мен цифрлық трансформация орталығы ретінде кітапхананың рөлі ерекше атап өтілді.

Сәтбаев университеті  Ғылыми кітапханасының қызметкерлері мен АҚШ-тан келген қонақ студенттер мен кітапханашыларға арналған тағылымдамалар мен коллаборациялар жоспарын талқылады. Әсіресе халықаралық дерекқорларға қол жеткізу және кітапхана жұмысына озық цифрлық шешімдерді енгізу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

«Осында өткізген үш күн ішінде мен Сәтбаев университетінің кітапханасы туралы ғана емес, жалпы Қазақстандағы кітапхана жүйесі туралы да көп нәрсе біліп шықтым. Бұл мәселе туралы әңгімені жалғастыруға алдағы уақытта мүмкіндік болады деп ойлаймын, өйткені біздің университеттер ынтымақтастық үшін әрдайым жаңа жолдар іздейді», – деді Марк Мэттсон.

Satbayev University мен Penn State University арасындағы әріптестік қарым-қатынас өзара академиялық байланыстарды нығайтуға, ғылыми инфрақұрылымды дамытуға және білім беру саласындағы инновацияларды қолдауға бағытталған. Жақын арада бірлескен цифрлық жобаларды іске қосу, вебинарлар мен тренингтер өткізу жұмыстары, сондай-ақ мамандармен өзара алмасу жоспарланып отыр. Бұл Қазақстан ғылыми қауымдастығының әлемдік білім кеңістігіне шығу мүмкіндігін кеңейтеді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту