1 наурыз 2019 5757

Satbayev University Microsoft компаниясымен стратегиялық серіктестік жайлы келісімшарт жасады

Satbayev University Microsoft компаниясымен стратегиялық серіктестік жайлы келісімшарт жасады

Үстіміздегі жылы 26 ақпан күні Сәтбаев университетінде «Microsoft Kazakhstan» компаниясының Value Discovery Workshop атты семинары өтті. Бұл іс-шара жоғары оқу орындарында қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану барысына арналды. Семинарға Сәтбаев университетінің оқытушылары мен студенттері және Microsoft CEE Education командасы қатысты.

Семинарда жоғары білім беру жүйесін онлайн түрде оқыту жүйесіне ауыстыру мәселелері қаралды, өйткені Microsoft 365 базасының қазіргі заманғы онлайн-класстары дәл соның астарында жатыр, әрі соның негізі болып табылады.

Баяндамашылар білім алушыларға сертификат беру мәселесіне, ол үшін оқытушылар мен студенттердің бір-бірімен өзара тиімді араласуы керектігіне, сондай-ақ білім беру сапасын арттыру үшін Microsoft Power BI & AI атты қуатты құралдың көмегімен жасанды интеллектіні қолдану қажеттігіне тоқталды.  

Жиын соңында Сәтбаев университетінің ректоры Искандер Бейсембетов «Microsoft Kazakhstan» компаниясының директоры Тибор Колеякпен кездесіп, екеуара ағымдағы жобаларды талқылады және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Кездесу ресми түрде өтті. Қатысушылар алдағы ынтымақтастық қарым-қатынастың зор келешегі туралы және университетте әрі қарай да сандық технологияларды жандандырып, қазіргі заманғы оқу әдістерін одан әрі дамыту жөніндегі мәселелерді талқылады. Мұның бәрі Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі білім алушыларға халықаралық білім беру жүйесін қол жетімді етеді деген сенім мол. 

– Біз Microsoft компаниясын стратегиялық серіктес ретінде өте жоғары бағалаймыз, олар біздің көптеген жобаларымызға қолдау көрсетіп келеді, – деді Ақпараттық жүйелер департаментінің директоры Артем Крутов өз сөзінде. – Биыл біз Microsoft 365 платформасына көшіп, соның нәтижесінде біріге күш жұмсап, университеттің білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтеруді  жоспарлап отырмыз. Мұның бәрі университетіміз елдегі алдыңғы қатарлы техникалық жоғары оқу орны болып қала беруге және де студенттердің жоғары сапалы білім алуына мүмкіндік береді.

Satbayev University Microsoft компаниясымен стратегиялық серіктестік жайлы келісімшарт жасады

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту