27 ақпан 2020 3008

Satbayev University оқытушының шығармашылық жеңісі

Satbayev University оқытушының шығармашылық жеңісі

Үш «Күміс диплом» және халықаралық қазылар алқасының «Варшава тәлімбақтарына сапар және бақшалар мен саябақтар бойынша экскурсия» атты арнайы сыйлығын TERRA  компаниясының ландшафттық сәулетшісі және Сәтбаев Университеті Т. Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институтының «Сәулет» кафедрасының оқытушысы Мусабаева Вероника жеңіп алды.

Қазақстан көгалдандырушылар Қауымдастығының VI  жыл сайынғы конференциясы төңірегінде ұйымдастырылып отырған  ландшафттық жобалардың  «Премия АОК’LD-2020» атты  бірінші байқау көрмесінде Қазақстан аумағында соңғы 5 жылда орындалған Алматы қаласындағы қоғамдық орындардың жүзеге асырылған және асырылмаған жобалары көрсетілген болатын.

Байқауға Қазақстан, Ресей, Белоруссия, Германия, Польша, Бельгия, Италия, Израиль және Франция елдері өкілдерінің қатысты.

Көрменің  басты мақсаттары мен міндеттері Қазақстандағы ландшафтық жобалау сапасын арттыру, жаңа жобалар мен қазіргі заманғы ландшафттық сәулет және дизайн объектілерін жасаудағы шығармашылық процестерді ынталандыру, қоғамдағы ландшафттық дизайнер мамандығының беделін арттыру болып табылады.

Сыйлық ландшафттық дизайнерлерге, жобалау институттарына, сәулет және жобалау бюроларына, авторлық ұжымдарға және авторларға, девелоперлік компанияларға, құрылыс компанияларына, қала әкімшілігінің органдарына 18 номинация бойынша беріледі. Әрбір номинацияда, бөлімшелерді қоса алғанда, үш дәрежелі «Алтын», «Күміс», «Қола» дипломдары және конференцияға келушілердің дауыс беру нәтижелері бойынша кез- келген номинацияда «Көрермендер көзайымы» сыйлығы табыс етілді.

Шығармашылық байқаудың жұмысын халықаралық қазылар алқасы төмендегідей критерийлер бойынша бағалады:  объектінің жобаланатын учаскенің контекстіне сәйкестігі, жоспарлау шешімі, бақ бейнесі: тақырыпты ашу тереңдігі, қазіргі заманға сәйкестігі, өзектілігі, жаңашылдығы және идея мен ұсынудың бірегейлігі, тиімділігі, қауіпсіздігі және экологиялылығы: отырғызудың орындылығы, болжанатын күтім, өсімдіктердің үйлесімдігі, орта жағдайларына сәйкестігі, жұмыстардың орындалу сапасы;

 Сәтбаев Университеті Т. Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институтының ұжымы өз әріптесін қуана құттықтай отырып, осындай жобалардың қазақстандық кәсіби сәулет мектебін халықаралық көрмелерде абыроймен көрсететіндігін мақтан тұтады!

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту