Satbayev University "Орталық Азия – Қытай" индустриялық ынтымақтастықтың екінші форумы шеңберінде Қытаймен ынтымақтастықты нығайтуда

2025 жылғы 16 маусымда Астана қаласында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің ресми сапарына орайластырылған "Орталық Азия – Қытай" индустриялық ынтымақтастықтың екінші форумы өтті.
Satbayev University іс — шараға Басқарма мүшесі - халықаралық ынтымақтастық және стратегиялық даму жөніндегі бірінші проректор Самғат Ермекбаев қатысты.
Форум аясында өзара түсіністік туралы екі меморандумға қол қойылды:
- Tus-Holdings Co., Ltd. - ғылыми және инновациялық жобалардың халықаралық инкубациялық орталығын құру мақсатында;
- China (Shenzhen) Education Enterprise Holdings Co., Ltd. –China-Kazakhstan New Energy Vehicle (NEV) Кәсіптік оқыту базасын және Satbayev University базасында оқу орталығын құру туралы.
Satbayev University Қытайдың NEV саласының жоғары сапалы ресурстарын біріктіруге және болашақта жаңа энергетикалық технологиялар саласында кадрлар даярлауға бағытталған ұлттық білім беру платформасын қалыптастыруға ниетті.