Satbayev University Президент жолдауын талқылайды
7 қыркүйекте Т.Бәсенов атындағы Сәулет және Құрылыс институтының оқытушылары мен студенттері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын талқылау үшін кездесті.
Жиналғандар Құрылыс және сәулет мәселелеріне назар аударды, өйткені олар институт студенттерінің болашақ жұмысымен байланысты. Президент өз жолдауында сәулет-құрылыс және қала құрылысы саласындағы бірқатар мәселелерді қозғады. Қазіргі таңда, ғимараттар мен өнеркәсіптік нысандарды салу кезінде ескірген құрылыс нормалары мен ережелері қолданылады. Жаңа нормалар мен ережелерге (Еурокодтарға) көшу, сондай-ақ қала құрылысын жоспарлау мен жобалаудың жаңа ережелерін енгізу қажет.
Мемлекет басшысы осы және басқа да көптеген мәселелерді шешетін «Қала құрылысы кодексі» құжатын жасауды тапсырды. Бұл міндет кәсіби қоғамдастық шеңберінде орындалатын болады және оны талқылау сәулет, құрылыс және қала құрылысы саласында мамандар даярлауда маңызды орын алады.
Президентіміз берген тапсырмалар мен міндеттер Қазақстанның болашағын дамытуға үлкен үлес қосады деп үміттенеміз!